Ақтөбеде құрғақ шөп пен көлік бөлшектері өртенді

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіАстанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты
Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Нақты қанша көлік өртенгені анықталып жатыр
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері өртенді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаменті.
Ақтөбе қаласының Астана ауданында, Богословская тас жолы бойында құрғақ шөп пен автокөлік бөлшектері жанып кетті.
Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылар өрттен 27 автокөлік тұрған іргелес аумақты аман алып қалды.
Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Өртенген іске жарамсыз болып қалған көліктер, дейді төтенше жағдайлар департаментінде. Нақты қанша көлік өртенгені анықталып жатыр.
Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты
Жаңалықтар
0