Алматыда жер сілкінісі сезілді

© AP Photo Сейсмограф
Сейсмограф - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Таңертең құтқарушылар сейсмикалық оқиғаны тіркеп, Алматыда жер сілкінісі "сезілмегенін" хабарлаған
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы шұғыл хабарлама келді.
Алматылықтар жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібіне сәйкес ғимараттардан жаппай шыға бастады.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі жер асты дүмпуі болғанын растады.
"Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді. Ақпарат нақтыланып жатыр. ТЖМ-нің "Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығы" ЖШС сейсмостанциялар желісі жер сілкінісін тіркеді. Алдын ала ақпарат бойынша сейсмикалық оқиға Алматы қаласында болған", – делінген хабарламада.
ТЖМ мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісі мына елді мекендерде сезілген:
Қарасай қаласы (Қаскелең) – 2-3 балл;
Боралдай ауылы – 2-3 балл;
Өтеген батыр ауылы – 2 балл.
Бұған дейін таңертең құтқарушылар сейсмикалық оқиғаны тіркеп, Алматыда оның "сезілмегенін" хабарлаған.
Жаңалықтар
0