Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді

© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жазылу
Бір төлге Маралтай, екіншісіне Мұқан дген есім берілді
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді, деп хабарлады қалалық әкімдік.
Биыл хайуанаттар бағындағы маралдар әулеті екі бірдей төлмен толықты. Жаңа туған төлдер қазір мамандардың тұрақты бақылауында және қажетті күтіммен қамтамасыз етіліп жатыр.
© Photo : Алматы қаласының әкімдігіАлматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді

"Алғашқы марал төлі 2026 жылғы 7 маусымда дүниеге келді. Оған Маралтай деген есім берілді. Оның әкесі – Түркістан, анасы – Алатау. Ал 10 қыркүйекте дүниеге келген екінші марал төліне Мұқан есімі берілді, оның әкесі – Сарайшық, анасы – Чита", - дейді әкімдікте.

Қазіргі уақытта екі төлдің де жағдайы жақсы. Маралтай мен Мұқан өз енелерінің жанында өсіп жатыр. Хайуанаттар бағының мамандары төлдердің денсаулығын, дамуын және қоректенуін күнделікті бақылауда ұстап, оларға қажетті күтімді қамтамасыз етіп жатыр.
© Photo : Алматы қаласының әкімдігі
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді - Sputnik Қазақстан
1/4
© Photo : Алматы қаласының әкімдігі
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді - Sputnik Қазақстан
2/4
© Photo : Алматы қаласының әкімдігі
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді - Sputnik Қазақстан
3/4
© Photo : Алматы қаласының әкімдігі
Алматы хайуанаттар бағында маралдар төлдеді - Sputnik Қазақстан
4/4
1/4
2/4
3/4
4/4
Маралдардың көбеюі – Алматы хайуанаттар бағындағы жануарларды сақтау және көбейту бағытындағы жұмыстардың маңызды нәтижелерінің бірі, дейді әкімдікте.
Алматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Алматы хайуанаттар бағындағы қолтырауын 40 жасқа толды
Жаңалықтар
0