https://sputnik.kz/20260927/tiktok-ta-balagat-sozder-aytqan-eki-qyz-5-taulikke-qamaldy-67081545.html
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі қыз 5 тәулікке қамалды
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі қыз 5 тәулікке қамалды
Sputnik Қазақстан
Тікелей эфирге 19 және 21 жастағы екі қыз қатысқан. 27.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-27T17:09+0500
2026-09-27T17:09+0500
2026-09-27T17:12+0500
алматы
балағат сөз
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50481043_2:0:1920:1079_1920x0_80_0_0_28b1b82596dd2351e267de0be352faa4.jpg
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Әлеуметтік желілерде екі қыздың тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып отырған бейнежазбасы тараған.Тексеру барысында бейнежазбаның көлік базары аумағында түсірілгені анықталды. TikTok-тағы тікелей эфирге 19 жастағы Жұлдызай Мұратбаева мен 21 жастағы Гүлмира Қанатова қатысқан.Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды."Қоғамдық орындар, оның ішінде әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жағдайда құқыққа қайшы әрекет бейнежазбаға түсірілген, эфирге қатысушылардың жеке басы анықталып, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік жаза түрін сот белгіледі", — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.Полиция әлеуметтік желілер жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және әкімшілік заңнама талаптарына қайшы келетін әрекеттер үшін заңда тиісті жауапкершілік көзделген.
https://sputnik.kz/20260818/astanada-taksi-zhurgizushisine-balagat-soz-aytqan-er-adam-qamauga-alyndy-65793813.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/01/50481043_280:0:1719:1079_1920x0_80_0_0_8009b0cabdcea6e0198147cf90d3fbae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, балағат сөз
TikTok-та балағат сөздер айтқан екі қыз 5 тәулікке қамалды
17:09 27.09.2026 (жаңартылды: 17:12 27.09.2026) Тікелей эфирге 19 және 21 жастағы екі қыз қатысқан.
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Алматыда TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан екі қыз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әлеуметтік желілерде екі қыздың тікелей эфир барысында балағат сөздер айтып отырған бейнежазбасы тараған.
Тексеру барысында бейнежазбаның көлік базары аумағында түсірілгені анықталды. TikTok-тағы тікелей эфирге 19 жастағы Жұлдызай Мұратбаева мен 21 жастағы Гүлмира Қанатова қатысқан.
Осы факті бойынша екі қызға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды.
Сот шешімімен құқық бұзушылардың әрқайсысына бес тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
"Қоғамдық орындар, оның ішінде әлеуметтік желілер мен тікелей эфирлер азаматтарды қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды. Бұл жағдайда құқыққа қайшы әрекет бейнежазбаға түсірілген, эфирге қатысушылардың жеке басы анықталып, жинақталған материалдар сотқа жолданды. Әкімшілік жаза түрін сот белгіледі", — деді Алматы қаласы ПД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Тимур Ноғайбаев.
Полиция әлеуметтік желілер жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салады. Қоғамдық тәртіпті бұзатын және әкімшілік заңнама талаптарына қайшы келетін әрекеттер үшін заңда тиісті жауапкершілік көзделген.