Президент: Өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу – қазіргі заманның аса маңызды талабы

Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2026
Жазылу
Тоқаев бүгінгі таңда Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын, алдымызда ауқымды міндеттер тұрғанын айтты
АСТАНА, 27 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Президент бұл қарым-қабілетімен, ақыл-парасатымен және қажырлы еңбегімен қастерлі Отанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелері ұлықталатын, оларға құрмет көрсетілетін мерейлі күн екенін айтты.
"Өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу – қазіргі заманның аса маңызды талабы. Білікті, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тәртіпті азаматтардың арқасында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуде", - деді мемлекет башысы.
Тоқаев бүгінгі таңда Қазақстан жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын, алдымызда ауқымды міндеттер тұрғанын айтты. Қазір қоғамымызда "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты жаңа этика қалыптасып, былтыр Жұмысшы мамандықтар жылын атап өткенімізді де еске салды.
"Мемлекет алдағы уақытта да азаматтарымыздың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасай береді. Жастарға кәсіби білім беру, олардың еңбек дағдыларын ұштау, сондай-ақ, өскелең ұрпақтың бойына аға буынның бай өмірлік тәжірибесі мен тағылымын сіңіру – аса маңызды міндет. Жастары жасампаз елдің болашағы да жарқын, дамуы да қарқынды болары айқын", - деді президент.
Тоқаев Қазақстан ынтымағы жарасқан, мақсат-мүддесі ортақ біртұтас ұлт ретінде әділдік, табиғатты аялау, заң үстемдігі, өркендеу құндылықтары және, ең бастысы, еңбекқорлық қасиеті іс жүзінде орныққан ел болатынына сенім білдірді.
Международный форум Digital Almaty 2024 - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Тоқаев Тимур Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады
Жаңалықтар
0