Тоқаев Маңғыстауда қаза болған әскери қызметшілердің отбасына жеделхат жолдады

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиПоиски военнослужащих в Мангистауской области
Поиски военнослужащих в Мангистауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Жазылу
Президент қаза болған әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатынын айтты
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына көңіл айтып, жеделхаттар жолдады.
Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай Тағанұлы мен қоғам белсенділері оқып, табыстады.
Президент марқұмдардың туған-туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, оларға барлық қажетті көмек көрсетілетінін, ал кінәлілер ең қатаң жазаға тартылатынын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеделхатында әскери қызметшілердің мемлекеттік марапаттарға ұсынылатыны атап өтілген.
Еске салсақ, Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кетіп, оның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.
Теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандық - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
"400-500 метр жүзген": теңізден аман шыққан сарбаз Бекет Қуандықтың қазіргі жағдайы қалай
Жаңалықтар
0