"Кешірім сұраймын": қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті

© Минобороны КазахстанаҚорғаныс министрі Дәурен Қосанов қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті
Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Жазылу
Қаза болғандардың төртеуі Маңғыстау облысынан мерзімді әскери қызметке шақырылған
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов оқу-жаттығу барысында оқу-жауынгерлік міндетті орындау кезінде қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына барды, деп хабарлады министрлік.
Министр қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Ол жақындарынан айырылған отбасылардың қайғысын ешбір сөзбен жеңілдету мүмкін емес екенін атап өтті.
© Минобороны КазахстанаҚорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті
Министр обороны Казахстана Даурен Косанов встретился с семьями погибших военнослужащих - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті
"Кешірім сұраймын. Бүкіл қарулы күштердің атынан кешірім сұраймын... Олар біз үшін жай ғана әскери қызметшілер емес – біздің қаруластарымыз, ұлдарымыз бен бауырларымыз. Олардың қазасы – барша Қарулы күштер үшін орны толмас ауыр қаза. Біз туған-туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, осы қиын кезеңде бірге боламыз", – деді қорғаныс министрі.
Мейрамбек Бердіханов, Азамат Мәдіхан және Дастан Бегей Жаңаөзен қаласынан, Мирас Тұрдыбекұлы Жетібай ауылынан мерзімді әскери қызметке шақырылған болатын.
Қызмет өткеру барысында олар өздерін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметшілер ретінде танытып, әскери борыштарын адал атқарды.
© Минобороны КазахстанаМинистр обороны Казахстана Даурен Косанов встретился с семьями погибших военнослужащих
Министр обороны Казахстана Даурен Косанов встретился с семьями погибших военнослужащих - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Министр обороны Казахстана Даурен Косанов встретился с семьями погибших военнослужащих
Министр отбасыларды Қорғаныс министрлігі оларды қайғымен жалғыз қалдырмайтынына сендірді. Оларға жан-жақты көмек пен қажетті қолдау көрсетіледі. Ведомство туындаған мәселелерді шешуге жәрдемдесуді жалғастырып, отбасылармен тұрақты байланыста болады.
© Минобороны КазахстанаҚорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті
Министр обороны Казахстана Даурен Косанов встретился с семьями погибших военнослужащих - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Қорғаныс министрі қаза болған әскери қызметшілердің отбасымен кездесті
Каспийдегі әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райының күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметші теңізге кетіп, оның 14-і қаза тапты, үшеуі құтқарылды.
Жаңалықтар
0