Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Батыс елдері босқындар санының артуына дайын болуы керек – Мендель

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Жазылу
Юлия Мендель Украинада энергетикалық инфрақұрылым қирап жатқанын айтты
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Украина тұрғындары алдағы қыста гуманитарлық апат болады деп болжап отыр, қазірдің өзінде көп адам елден кетіп жатыр, деп мәлімдеді Украина басшысы Владимир Зеленскийдің бұрынғы баспасөз хатшысы Юлия Мендель.
"Энергетикалық инфрақұрылым қирап жатыр. Сондықтан украиналықтар қыста гуманитарлық апат болады деп болжап отыр, қазірдің өзінде көп адам елден кетіп жатыр", – деді ол америкалық журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында.
Мендельдің айтуынша, Батыс елдері босқындар санының артуына дайын болуы керек.
Қыркүйек айының басында Жоғарғы Раданың депутаты Соломия Бобровская ел азаматтарын ауыр жағдайға дайындалуға, Киевтен кетуге және отын ретінде пайдаланылатын ағаш сатып алуға шақырды. Ал қорғаныс министрінің кеңесшісі Сергей Бескрестнов генераторлар мен аккумуляторлар сатып алып, бензин қорын жасауды ұсынды.
Президент США Дональд Трамп  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.09.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Зеленскийді Мәскеуге баруға шақырды – Bloomberg
Жаңалықтар
0