https://sputnik.kz/20260926/aqsh-ukrainaga-arnalgan-askeri-komek-paketine-patriot-zymyrandaryn-qospady---baq-67049928.html
АҚШ Украинаға арналған әскери көмек пакетіне Patriot зымырандарын қоспады - БАҚ
АҚШ Украинаға арналған әскери көмек пакетіне Patriot зымырандарын қоспады - БАҚ
Sputnik Қазақстан
АҚШ Украинаға көмек пакетіне Patriot зымырандарын қоспады деп жазады БАҚ 26.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-26T13:24+0500
2026-09-26T13:24+0500
2026-09-26T13:24+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/23/31/233178_0:48:2858:1656_1920x0_80_0_0_318b576819635a734bae614ce2f9f4b1.jpg
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Киевтің қосымша жеткізу туралы өтінішІне қарамастан АҚШ Украинаға әскери көмек пакетіне Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды қоспады, деп хабарлайды Reuters агенттігі ақпараттан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап.Бұған дейін Bloomberg агенттігі БҰҰ отырыстарында Еуропа көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трампты Киевке Patriot кешендеріне арналған қосымша зымырандар жеткізуге көндіруге тырысатынын хабарлаған."Әскери техника тізіміне Patriot зымырандары енгізілмеді... Ирандағы қақтығыс пен Украинадағы дағдарыс әлемдегі Patriot зымырандарының қорын сарқып тастады, ал Киев әуе қорғанысы зымырандарын қосымша жеткізуді табанды түрде сұрап отыр", – делінген ақпаратта.Дереккөздердің айтуынша, Трамп әкімшілігі Конгресс Украинаға әскери көмек көрсетуге бөлген 400 миллион долларды пайдалануды жоспарлап отыр. Алайда Украина Қарулы Күштерінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарының тапшылығына қарамастан тізімге Patriot кешендеріне арналған зымырандар енгізілмеген.
https://sputnik.kz/20260925/ukrainadagy-qaqtygystyn-sozyluy-batys-elderine-aser-etip-zhatyr--ryutte-67016739.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/23/31/233178_127:0:2858:2048_1920x0_80_0_0_a2c1df187802b1e118a5fd1b819a8400.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ Украинаға арналған әскери көмек пакетіне Patriot зымырандарын қоспады - БАҚ
АҚШ Украинаға көмек пакетіне Patriot зымырандарын қоспады деп жазады БАҚ
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Киевтің қосымша жеткізу туралы өтінішІне қарамастан АҚШ Украинаға әскери көмек пакетіне Patriot әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымырандарды қоспады, деп хабарлайды
Reuters агенттігі ақпараттан хабардар дереккөздерге сілтеме жасап.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі БҰҰ отырыстарында Еуропа көшбасшылары АҚШ президенті Дональд Трампты Киевке Patriot кешендеріне арналған қосымша зымырандар жеткізуге көндіруге тырысатынын хабарлаған.
"Әскери техника тізіміне Patriot зымырандары енгізілмеді... Ирандағы қақтығыс пен Украинадағы дағдарыс әлемдегі Patriot зымырандарының қорын сарқып тастады, ал Киев әуе қорғанысы зымырандарын қосымша жеткізуді табанды түрде сұрап отыр", – делінген ақпаратта.
Дереккөздердің айтуынша, Трамп әкімшілігі Конгресс Украинаға әскери көмек көрсетуге бөлген 400 миллион долларды пайдалануды жоспарлап отыр. Алайда Украина Қарулы Күштерінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандарының тапшылығына қарамастан тізімге Patriot кешендеріне арналған зымырандар енгізілмеген.