"Өр Алтай – түркілердің атамекені" конференциясы Ресей мен Қазақстан ғалымдарын біріктірді

© Sputnik / Санат Имангалиев"Өр Алтай – түркілердің атамекені" конференциясы
Өр Алтай – түркілердің атамекені конференциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Жазылу
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты ғалымдарға, педагогтарға және журналистерге кездесіп, ортақ тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беру болды
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда "Өр Алтай – түркілердің атамекені" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр.
Іс-шарада Ресей президенті Әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары, Ресей Әскери-тарихи қоғамы төрағасының орынбасары Николай Овсиенко түсіндіргендей, конференцияның тарихы үш жыл бұрын Алтай тауларында басталған.
© Sputnik / Санат Имангалиев"Өр Алтай – түркілердің атамекені" конференциясы
Международная конференция Большой Алтай - прародина тюрков в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
"Өр Алтай – түркілердің атамекені" конференциясы
Ұйымдастырушылардың басты мақсаты ғалымдарға, педагогтарға және журналистерге кездесіп, ортақ тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беру болды.
"Бізді ортақ тарих, түркі өркениетінің ортақ бесігі біріктіреді. Алғашқы екі конференция барысында біз бұл платформаның қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Ғалымдар қатар жұмыс істейтіндіктен, әр елдің өзіндік ғылыми мектебі, өзіндік басымдықтары, тарих пен көне жәдігерлерді түсінуі бар. Бірақ олар бас қосқанда, өз тәсілдерін салыстырып, талқылауға пайдалы болуы мүмкін ортақ пікірлерді талқылайды", - деді Овсиенко.
Спикер Қазақстандағы үшінші конференция осы мақсаттарға екінші тыныс бередтінін айтты.
© Sputnik / Санат ИмангалиевНиколай Овсиенко
Николай Овсиенко - замначальника управления Администрации Президента РФ, зампред Российского военно-исторического общества - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Николай Овсиенко
"Өйткені бұл оны халықаралық деңгейге шығарады. Ұйымдастыру комитеті конференция бір жылдан кейін жылы Ресей Федерациясында, ал одан кейінгі жылы осындай форум өткізуге қызығушылық танытқан серіктес елдеріміздің аумақтарында өтеді деп шешті. Біз Қазақстаннан бастап жатырмыз, ал келесі конференция Ресей Федерациясында өтеді", - деді Овсиенко.
Нақты өтетін орын 26 қыркүйекке дейін жалғасатын конференциядан кейін анықталады.
Бурабайдағы іс-шараға барлығы 14 елден 100-ден астам қатысушы жиналды. Олардың қатарында Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да елдердің өкілдері бар.
Өр Алтай – түркілердің атамекені III халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
"Өр Алтай – түркілердің атамекені": Қазақстанға әр елден ғалымдар жиналды
Жаңалықтар
0