Бозымбаев Каспийдегі трагедияның барлық мән-жайын анықтауды тапсырды

© Пресс-служба акима Мангистауской областиЗаседание Правительственной комиссии по факту гибели военнослужащих в Мангистауской области
Заседание Правительственной комиссии по факту гибели военнослужащих в Мангистауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Жазылу
Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде 12 әскери қызметші көз жұмды
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Ақтауда Каспий теңізінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты құрылған үкіметтік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі.
24 қыркүйекте теңіздегі оқу-жаттығу кезінде 12 адам көз жұмды. Тағы екеуін құтқарушылар іздеп жатыр.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің баяндауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, бірқатар тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Комиссия төрағасы Қанат Бозымбаев болған оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде толық анықтап, қайғылы жағдайға кінәлі тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Отырыста қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына ерекше назар аударылды. Премьер-министрдің орынбасары мемлекет тарапынан оларға қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсетілетінін атап өтті.
"Заңда көзделген материалдық көмектен бөлек, көмек көрсеткісі келетін азаматтардан көптеген өтініш түсіп жатыр. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеді. Олардың біреуі қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ бірқатар ірі бизнес өкілдері де материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Қанат Бозымбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына бағытталған барлық қаражаттың ашықтығын қадағалауды тапсырды. Ол көмектің нақты адресаттарға толық көлемде көрсетілуге тиіс екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың баяндауынша, оқиғадан кейін медициналық мекемеге жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Үкіметтік комиссияның жұмысы жалғасып жатыр.
Мемлекеттік рәміз - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
25 қыркүйек жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды
Жаңалықтар
0