Астанада 800 метрлік жерасты тоннельдің құрылысы қашан аяқталады - фото
Астанада 800 метрлік жерасты тоннельдің құрылысы қашан аяқталады - фото
Sputnik Қазақстан
Алматы көшесінде 800 метрлік жерасты тоннелдің құрылысы басталса, Сығанақта "Tarlan-Astana"-ның екінші тармағын салуға дайындық қызу жүріп жатыр 25.09.2026, Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астаналықтар қаланың сол жағалауында кептелістің көбейгенін байқады. Оған ауқымды құрылыс жобалары себеп болып отыр. Алматы көшесінде 800 метрлік жерасты тоннелдің құрылысы басталса, Сығанақта "Tarlan-Astana"-ның екінші тармағын салуға дайындық қызу жүріп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі осы екі жобаға жауапты мекемелерден құрылыс жұмыстарының мерзімі жайында сұрап білді.Қазіргі кезде Алматы көшесін Мәңгілік елден бастап Сауранға дейінгі аралығын толығымен жауып тастады.
Алматы көшесінде 800 метрлік жерасты тоннелдің құрылысы басталса, Сығанақта "Tarlan-Astana"-ның екінші тармағын салуға дайындық қызу жүріп жатыр
АСТАНА, 26 қыркүйек – Sputnik. Астаналықтар қаланың сол жағалауында кептелістің көбейгенін байқады. Оған ауқымды құрылыс жобалары себеп болып отыр. Алматы көшесінде 800 метрлік жерасты тоннелдің құрылысы басталса, Сығанақта "Tarlan-Astana"-ның екінші тармағын салуға дайындық қызу жүріп жатыр. Sputnik Қазақстан тілшісі осы екі жобаға жауапты мекемелерден құрылыс жұмыстарының мерзімі жайында сұрап білді.
Қазіргі кезде Алматы көшесін Мәңгілік елден бастап Сауранға дейінгі аралығын толығымен жауып тастады.
Бұл жерде қаладағы ең ұзын жерасты тоннел салынады. Астана әкімдігінің көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жобасын эскизін де көрсетті.
Басқарманың бас маманы Нұржан Әбішевтің айтуынша, жерасты тоннел төрт жолақты болады. Жалпы ұзындығы - 800 метр. Соның 300 метрі жердің астымен өтеді. Ал тоннельдің биіктігі – 5,5 метр.
"Дәл осы учаскеде бағдаршам болмайды, көліктер тоқтамай жүре береді. Тоннелдің үсті толығымен абаттандырылады. Қазіргі кезде инженерлік желілерді басқа жерге ауыстыру жұмыстарды атқарылып жатыр. Тіреуіштер арнайы технологиямен қадалады. Одан кейін тоннелдің өзі салынады", - деді Әбішев Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
"Құрылыс жұмыстары шамамен 2027 жылдың соңында аяқталады", - дейді Әбішев.
Айта кетері, Ботаникалық баққа жақын жерде президенттік кітапхананы да салып жатыр. Тоннелдің құрылысы аяқталғаннан кейін Abu Dhabi Plaza-ның алдындағы саябақпен тура кітапханаға өтіп кетуге болады.
"City Transportation Systems" компаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, қазіргі кезде "Tarlan-Astana"-ның екінші тармағын салу жұмыстары әлі басталған жоқ. Қоршалған аймақта геологиялық ізденістер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, құрылысқа дайындық шаралары басталды. Ал құрылыстың қай кезде аяқталатынын әзірше белгісіз. Себебі барлығы қаржыландыруға байланысты болады.