Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Ердоған Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуПрезидент Турции Реджеп Тайип Эрдоган
Президент Турции Реджеп Тайип Эрдоган  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Ердоған Түркияның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт аяқтауға бағытталған күш-жігерін жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуде Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажеттігін айтты.
Ердоған мен Зеленский БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Нью-Йорктегі Түрік үйінде кездесті.
"Президентіміз Қара теңіздегі кеме қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау қажет екенін атап өтті. Сауда кемелеріне жасалған шабуылдарға жол беруге болмайды. Біз тараптардан жауапкершілікпен әрекет етуді күтеміз", – делінген Түркия президенті әкімшілігінің хабарламасында.
Сондай-ақ Ердоған Түркияның Ресей мен Украина арасындағы қақтығысты бейбіт аяқтауға бағытталған күш-жігерін жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді.
"Түркия президенті Анкара тараптар арасындағы тікелей келіссөзді қайта бастау үшін жұмысты жалғастыратынын айтты", – делінген хабарламада.
2026 жылы Қара теңізде бірнеше түрік кемесіне Украина қарулы күштері шабуыл жасаған. Түркия азаматтары зардап шегіп, бір адам қаза болды. Осыдан кейін Анкара сауда кемелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырып, Украина елшісін Түркия Сыртқы істер министрлігіне шақырған.
Жаңалықтар
0