Астанада 110 мыңнан астам зейнеткерге біржолғы әлеуметтік төлем қарастырылды

© Photo : СС0 / truthseeker08Қария
Қария - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.09.2026
Жазылу
Зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Елордада Қарттар күніне орай 110 мыңнан астам зейнеткерге әлеуметтік төлем қарастырылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астанада Қарттар күніне орай зейнеткерлерге біржолғы әлеуметтік төлем беру қарастырылып отыр.
"Елордада тіркелген жасы бойынша зейнеткерлерге, сондай-ақ зейнетақының ең төмен мөлшерін алатын зейнет жасындағы азаматтарға 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Бұл әлеуметтік көмек 110 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткерді қамтиды.
Астанада Отбасы күніне орай жарыс ұйымдастырылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Астанада Отбасы күніне орай жарыс ұйымдастырылды
Жаңалықтар
0