https://sputnik.kz/20260924/askeriler-olimi-ushin-arbir-lauazymdy-tulga-qatan-turde-zhauap-beredi---bozymbaev-66994390.html
Әскерилер өлімі үшін әрбір лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді - Бозымбаев
Әскерилер өлімі үшін әрбір лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді - Бозымбаев
Sputnik Қазақстан
Вице-премьер мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайтынын айтты 24.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-24T22:43+0500
2026-09-24T22:43+0500
2026-09-24T22:43+0500
маңғыстау облысы
әскери қызметкер
төтенше жағдай
https://sputnik.kz/img/07ea/09/18/66993872_0:122:480:392_1920x0_80_0_0_cb96c81eeb586bc1d26f50b26cc15427.jpg
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап беретінін мәлімдеді.Вице-премьер мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайтынын айтты."Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына қомақты материалдық көмек беріліп, сондай-ақ барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмысын жеке бақылауымда ұстаймын", - деді премьер-министрдің орынбасары.Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Көз жұмғандар саны 12-ге жетті.Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр тұрақты екенін хабарлады. Қалған екі әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.Қайғылы оқиғаға байланысты дереу үкіметтік комиссия құрылды.Президент 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп жариялады.
https://sputnik.kz/20260924/mangystau-oblysynda-qaza-tapqan-askeriler-sany-12-ge-zhetti-66993148.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/18/66993872_0:77:480:437_1920x0_80_0_0_62adb2d7bf5e889e163fd41f153d48c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы, әскери қызметкер, төтенше жағдай
маңғыстау облысы, әскери қызметкер, төтенше жағдай
Әскерилер өлімі үшін әрбір лауазымды тұлға қатаң түрде жауап береді - Бозымбаев
Вице-премьер мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайтынын айтты
АСТАНА, 24 қыркүйек – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап беретінін мәлімдеді.
"Тергеу барынша мұқият, жан-жақты әрі қысқа мерзімде жүргізіледі. Қайғылы оқиғаға себеп болған әрбір лауазымды тұлға заң алдында ең қатаң түрде жауап береді", - деді Бозымбаев.
Вице-премьер мемлекет қаза тапқандардың отбасыларын жалғыз қалдырмайтынын айтты.
"Қаза тапқан әрбір әскери қызметшінің отбасына қомақты материалдық көмек беріліп, сондай-ақ барлық қажетті қолдау көрсетіледі. Тергеу барысы мен отбасыларға көмек көрсету жұмысын жеке бақылауымда ұстаймын", - деді премьер-министрдің орынбасары.
Еске сала кетейік, Маңғыстау облысында 24 қыркүйек күні оқу-жаттығу кезінде төтенше жағдай болып, ауа райының күрт нашарлауы және желдің күшеюі салдарынан Каспий теңізіндегі 17 әскери қызметшіні толқын алып кеткен. Көз жұмғандар саны 12-ге жетті.
Үш әскери қызметші құтқарылды, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайы ауыр тұрақты екенін хабарлады. Қалған екі әскери қызметкерді іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қайғылы оқиғаға байланысты дереу үкіметтік комиссия
құрылды.
Президент 25 қыркүйекті Қазақстанда аза тұту күні деп
жариялады.