Конституциялық сот пен Жоғары аудиторлық палатаның құрамы өзгерді

© PhotoҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін де тағайындады
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Президенттің жарлығымен Конституциялық сот судьяларын тағайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жарлықпен 10 судья тағайындалып отыр. Олар:
Сәкен Абдолла;
Лейла Сұлтанқызы Жақаева;
Қайрат Төлегенұлы Жақыпбаев;
Айжан Ержанқызы Жатқанбаева;
Айгүл Қуанышбайқызы;
Қанат Сергейұлы Мусин;
Бақыт Маратұлы Нұрмұханов;
Сергей Васильевич Скрябин;
Аслан Султанович Тукиев;
Сергей Федорович Ударцев.
Айта кетері, бұған дейін Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы лауазымына қайта тағайындалған болатын.
Бүгін тағайындалған судьялардың ішінде Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Сергей Скрябин мен Аслан Тукиев жаңадан келіп отыр. Қалғандары бұған дейін жұмыс істеген.

Палатаға жаңадан үш адам келді

Бүгін мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата құрамын да бекітті. Оған жаңадан үш адам келді. Олар:
Ғабиден Жақсылықов, Руслан Мелдебеков пен Бақыт Әбілдинов. Басқалары өз орнында қалды. Олар:
Рахымжан Ділдаев;
Амангелді Есенов;
Нұрлан Нұржанов;
Ардақ Теңгебаев;
Юлия Энгель.
Тағы бір мүшесі Әлихан Смайылов палатаны басқара береді.

ОСК-ның құрамы өзгерген жоқ.

Мемлекет басшысы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін де тағайындады. Комиссияның бұрынғы құрамы өзгерген жоқ.
Азамат Айманакумов, Михаил Бортник, Мұхтар Ерман, Әсел Жанәбілова, Ләззат Сүйіндік пен Шавхат Өтемісов өз қызметтерін атқара береді.
Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров та өз қызметін сақтап қалды
Құрлық әскерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Тоқаев Құрлық әскерлерінің жаңа бас қолбасшысын тағайындады
Жаңалықтар
0