https://sputnik.kz/20260923/shymkent-turgyny-23-zhyl-buryn-zhasagan-qylmysy-ushin-sottaldy-66940324.html
Шымкент тұрғыны 23 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды
Шымкент тұрғыны 23 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды
Sputnik Қазақстан
2003 жылы қала тұрғыны есірткі заттарын көтерме бағамен басқа мемлекеттерге сатқан халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен тұрақты байланыста болған 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T15:57+0500
2026-09-23T15:57+0500
2026-09-23T15:57+0500
шымкент
есірткі
сот
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:125:1201:800_1920x0_80_0_0_4e603bb753a4668d5fe23d1c8b5be3d8.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласының соты 23 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сот материалдарына сәйкес, 2003 жылы қала тұрғыны есірткі заттарын көтерме бағамен басқа мемлекеттерге сатқан халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен тұрақты байланыста болған. Сол кезде топ басшысынан аса ірі мөлшерде героин өткізуге тапсырма алған. Қараша айында осы тапсырманы орындау мақсатында сыбайласымен бірге Шымкент қаласынан Ақтөбеге көлікпен жолға шыққан. Бірақ "Шымкент-Самара" тас жолында оларды полиция тоқтатқан.Бірақ сотталушы қашып кеткен. Ол 2024 жылы Ресей Федерациясында ұсталып, бір жылдан кейін Қазақстанға жеткізілді.Сотта оның кінәсі толығымен дәлелденді. Бірақ өзі кінәсін мойындаған жоқ, ақтау үкімін сұрады. Ал судья 13 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260903/pavlodar-oblysynda-14-zhyl-buryn-zhasalgan-adam-oltiru-qylmysy-ashyldy-66358132.html
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15071034_0:0:1067:800_1920x0_80_0_0_6126eb18119694686f95d89e748fc25a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, есірткі, сот
Шымкент тұрғыны 23 жыл бұрын жасаған қылмысы үшін сотталды
2003 жылы қала тұрғыны есірткі заттарын көтерме бағамен басқа мемлекеттерге сатқан халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен тұрақты байланыста болған
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Шымкент қаласының соты 23 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сот материалдарына сәйкес, 2003 жылы қала тұрғыны есірткі заттарын көтерме бағамен басқа мемлекеттерге сатқан халықаралық ұйымдасқан қылмыстық топтармен тұрақты байланыста болған. Сол кезде топ басшысынан аса ірі мөлшерде героин өткізуге тапсырма алған. Қараша айында осы тапсырманы орындау мақсатында сыбайласымен бірге Шымкент қаласынан Ақтөбеге көлікпен жолға шыққан. Бірақ "Шымкент-Самара" тас жолында оларды полиция тоқтатқан.
"Автокөлікті қарап-тексеру барысында жанармай құю орынынан ұнтақ тәрізді заттар салынған 35 дана пакет, яғни аса ірі мөлшердегі салмағы 34047,41 грамм "героин" есірткі заты тәркіленіп алынған", - делінген үкімде.
Бірақ сотталушы қашып кеткен. Ол 2024 жылы Ресей Федерациясында ұсталып, бір жылдан кейін Қазақстанға жеткізілді.
Сотта оның кінәсі толығымен дәлелденді. Бірақ өзі кінәсін мойындаған жоқ, ақтау үкімін сұрады. Ал судья 13 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енді.