Қазақстан Азия банкінен 6 млрд доллар қарыз алады
11:25 23.09.2026 (жаңартылды: 12:25 23.09.2026)

© Sputnik / Санат Имангалиев
Жазылу
Құрылтай АИИБ-мен келісімді ратификациялады
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Құрылтай "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азиялық инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау туралы" заңды қабылдады.

Қазақстан Азия банкінен 6 млрд доллар қарыз алады
© Sputnik / Санат Имангалиев
Қазақстан – АИИБ-нің құрылтайшы-мүшесі. 2016 жылдан бері банкпен ынтымақтастық аясында энергетика, денсаулық сақтау, сондай-ақ экономикалық және фискалдық тұрақтылық салаларында жалпы құны 1,8 миллиард АҚШ долларын құрайтын жеті жоба жүзеге асырылды.

Серік Жұманғарин – премьер-министрінің орынбасары және Ұлттық экономика министрлігінің басшысы
© Sputnik / Санат Имангалиев
"Ратификациядан кейінгі алғашқы бес жыл ішінде негіздемелік келісім ел экономикасына, атап айтқанда көлік, энергетика, денсаулық сақтау және "жасыл" қаржыландыру сияқты салаларға жеңілдікті шарттармен шамамен 6 миллиард АҚШ доллары көлемінде қосымша "ұзақ мерзімді капиталды" тартуға мүмкіндік береді", – деді Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.
Айтуынша, келісім жобаларды қаржыландыру құралдарының ауқымын кеңейтіп, мемлекеттік шығыстарды басымдығы жоғары жобаларға қайта бөлу арқылы бюджетке түсетін салмақты азайтады.

Қазақстан Азия банкінен 6 млрд доллар қарыз алады
© Sputnik / Санат Имангалиев
Жақын арада бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру жұмыстары басталады. Атап айтқанда, бұл – Жезқазған – Қарағанды, Ақтөбе – Қарабұтақ – Үлгісайын, Атырау – Доссор және Мойынты – Қызылжар автомобиль және теміржол бағыттарын қайта жаңарту.
Премьер-министрінің орынбасары Келісімді ратификациялау ешқандай әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық зардаптарға әкеп соқпайтынын және республикалық бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етпейтінін атап өтті.
