https://sputnik.kz/20260923/europalyq-odaq-endi-ukrainaga-oz-qarazhaty-esebinen-qoldau-korsete-almaydy---maslennikov-66917438.html
Еуропалық одақ енді Украинаға өз қаражаты есебінен қолдау көрсете алмайды - Масленников
Еуропалық одақ енді Украинаға өз қаражаты есебінен қолдау көрсете алмайды - Масленников
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық одақ Украинаға өз есебінен қолдау көрсетуді бұдан былай жалғастыра алмайды, сол себепті Брюссельде Киевті қаржыландыру... 23.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-23T09:02+0500
2026-09-23T09:02+0500
2026-09-23T09:02+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1b/63734575_101:82:3596:2048_1920x0_80_0_0_e4df64b7f9a4ead3ab7dfe998dbadc86.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық одақ Украинаға өз есебінен қолдау көрсетуді бұдан былай жалғастыра алмайды, сол себепті Брюссельде Киевті қаржыландыру мақсатында Ресей активтерін тәркілеу мәселесі бойынша талқылаулар қайта жанданды. Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры Владислав Масленников РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.Бұған дейін Ресейдің Сыртқы барлау қызметі ЕО сарапшыларының ресейлік активтерді Euroclear депозитарийінен (ол Бельгия юрисдикциясы аясында жұмыс істейді) шығарып, арнайы құрылатын жаңа құрылымға ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды талқылап жатқанын хабарлаған болатын. СБҚ атап өткендей, еуропалық шенеуніктер ресейлік активтер тәркіленбеген жағдайда Киев режимін шексіз қаржыландыра алмай қаламыз деп қауіптенеді.Бұл жағдай Ресей активтерін тәркілеуге қатысты пікірталастың жаңа кезеңін тудырды, бұл бастаманы біздің қаражатымыз мүлдем жоқ немесе өте аз үлесі ғана бар елдер — мысалы, Швеция, Нидерланд, Испания, Польша және Германия — алға тартып отыр, деп түсіндірді ол.Сонымен қатар, дипломат Еуропалық кеңестің соңғы отырыстары ЕО ішінде Ресей активтерін тәркілеу мәселесі бойынша ортақ пікірдің жоқ екенін көрсеткенін баса айтты. Ол ЕО-ға мүше кейбір елдердің Ресей активтерін иемденіп алуға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейтінін атап өтті.Еуропалық Одақта Ресей Орталық банкінің 210 миллиард еуродан астам активі бұғатталды. Мәскеу Еуропадағы ресейлік активтердің бұғатталуын бірнеше рет заңсыз деп атады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров батыс елдері бұғатталған активтерді тәркілеген жағдайда, Ресейдің шара қолданатынын мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20260518/euroodaq-pen-ukraina-kievke-nesie-beru-boyynsha-negizgi-quzhattarga-qol-qoygan-zhoq-63539611.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/05/1b/63734575_448:46:3112:2044_1920x0_80_0_0_b20ae9687d3c254d067bd610f09de9c1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуропалық одақ енді Украинаға өз қаражаты есебінен қолдау көрсете алмайды - Масленников
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Еуропалық одақ Украинаға өз есебінен қолдау көрсетуді бұдан былай жалғастыра алмайды, сол себепті Брюссельде Киевті қаржыландыру мақсатында Ресей активтерін тәркілеу мәселесі бойынша талқылаулар қайта жанданды.
Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрлігінің Еуропалық ынтымақтастық департаментінің директоры Владислав Масленников
РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
Бұған дейін Ресейдің Сыртқы барлау қызметі ЕО сарапшыларының ресейлік активтерді Euroclear депозитарийінен (ол Бельгия юрисдикциясы аясында жұмыс істейді) шығарып, арнайы құрылатын жаңа құрылымға ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды талқылап жатқанын хабарлаған болатын. СБҚ атап өткендей, еуропалық шенеуніктер ресейлік активтер тәркіленбеген жағдайда Киев режимін шексіз қаржыландыра алмай қаламыз деп қауіптенеді.
"Еуропалық Одақ Киев режимінің үздіксіз өсіп отырған қажеттіліктерін қаржыландыру мәселесінде өз мүмкіндіктерінің шегіне объективті түрде жетті. Іс жүзінде, бізбен текетірес жағдайындағы "біріккен Еуропа" барған сайын "кедейленген Еуропаға" ұқсап барады", — деді Масленников.
Бұл жағдай Ресей активтерін тәркілеуге қатысты пікірталастың жаңа кезеңін тудырды, бұл бастаманы біздің қаражатымыз мүлдем жоқ немесе өте аз үлесі ғана бар елдер — мысалы, Швеция, Нидерланд, Испания, Польша және Германия — алға тартып отыр, деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, дипломат Еуропалық кеңестің соңғы отырыстары ЕО ішінде Ресей активтерін тәркілеу мәселесі бойынша ортақ пікірдің жоқ екенін көрсеткенін баса айтты. Ол ЕО-ға мүше кейбір елдердің Ресей активтерін иемденіп алуға байланысты жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейтінін атап өтті.
Еуропалық Одақта Ресей Орталық банкінің 210 миллиард еуродан астам активі бұғатталды. Мәскеу Еуропадағы ресейлік активтердің бұғатталуын бірнеше рет заңсыз деп атады. Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров батыс елдері бұғатталған активтерді тәркілеген жағдайда, Ресейдің шара қолданатынын мәлімдеді.