Алматыда санитарлық тікұшақ алаңдарының саны төртке дейін ұлғайтылады

© Photo : Комитет по чрезвычайной ситуации министерства внутренних дел КазахстанаСанитарлық авиация
Санитарлық авиация - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2026
Жазылу
Ол ауыр жарақат алған пациенттерді, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары таулы және басқа да баруы қиын аудандардан эвакуациялаған зардап шеккендерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Алматыда №4 қалалық клиникалық аурухана базасында қала стационарларының арасында жалғыз тікұшақ алаңы жұмыс істейді, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Алматыға жұмыс сапары кезінде ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова аурухананың базасында құрылған Өңірлік травматология және ортопедия орталығының жұмысымен танысты.
Аурухана аумағындағы тікұшақ алаңына ерекше назар аударылды. Бұл – Алматыдағы стационарлардың арасында жұмыс істеп тұрған жалғыз осындай алаң. Ол ауыр жарақат алған пациенттерді, оның ішінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары таулы және басқа да баруы қиын аудандардан эвакуациялаған зардап шеккендерді жедел жеткізуге мүмкіндік береді.

"Травматологияда "алтын сағат" деп аталатын уақыттың маңызы ерекше. Тікұшақ алаңының болуы пациенттерді стационарға жеткізу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта санитариялық авиацияның мүмкіндіктерін кеңейту жоспарланып отыр. Алматыда тікұшақ алаңдарының саны төртке дейін ұлғайтылады", – деді Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

Денсаулық сақтау министрі ауыр жарақат алған пациенттерге шұғыл көмек көрсету кезінде "алтын сағат" қағидатын сақтаудың маңыздылығын айтты.
Өңірлік травматология және ортопедия орталығы 2026 жылғы 26 тамызда ашылды. Мұнда ауыр жарақат алған пациенттерге шұғыл диагностика мен күрделі операциялардан бастап медициналық оңалтуға дейінгі медициналық көмектің толық циклі көрсетіледі.
Қазавиақұтқару ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2026
Павлодар облысында "Қазавиақұтқару" тікұшағы шұғыл қонды
Жаңалықтар
0