5,5 гектар жерге қатысты дау: "Қазақфильм" киностудиясы өкілдері президенттен көмек сұрады

© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Жазылу
Киностудия аумағына парк салу жоспарланған
АЛМАТЫ, 23 тамыз - Sputnik. Алматыда 66 жылдық тарихы бар Ш.Айманов атындағы киностудияның 5,5 гектар аумағына тақырыптық парк салынбақ. Киноматографистер альянсы жерге араша болуды сұрап, президентке үндеу жолдады. Мән-жайды Sputnik Қазақстан тілшісі баяндайды.

5,5 гектар жерге қатысты дау: "Қазақфильм" киностудиясы өкілдері президенттен көмек сұрады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жерсіз қалатын болдық деген кино саласының өкілдері баспасөз конференциясын өткізіп, бұл жағдайға назар аударуды сұрады. Жалпы қазақ киностудиясының жер учаскесі 20 жылдан бері даулануда.

5,5 гектар жерге қатысты дау: "Қазақфильм" киностудиясы өкілдері президенттен көмек сұрады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Бұл аумақ тек қалаға емес, республикаға қызмет ететін аумақ болу керек. Бұл жай ғана аумақ емес, өте ерекше жер. Кино әлемінде ойып тұрып орын алады. Біздің киноматографистердің өте қызықты жобалары бар. Қазақфильмді қаладан қоршау емес, тұрғындар мен қала қонақтары үшін де пайдалы ететін жоба. Президент, министрлік пен әкімдік осы жобаны қайта қарап көріп, күш біріктірілген, эфир түсірілетін өте белсенді шығармашылық орта болса дейміз", - дейді Қазақстан киноматографистер альянсы.
Шәкен Айманов көзі тірісінде осы аумақты Қонаевтан сұрап алған. Одан бері бірнеше рет қысқартылып, 5,5 гектар ғана жер қалған. Сол қалған учаскені де қысқартып тастамақ, дейді өнер мамандары.

5,5 гектар жерге қатысты дау: "Қазақфильм" киностудиясы өкілдері президенттен көмек сұрады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Қазақ киносының игілігіне жұмыс істейтін ұсынысымыз бар. Жерді игеруге өз үлесімізді тигізіп дамытсақ дейміз. Ішкі көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, кино саласын дамытуда киноматографистер біргеміз", - дейді олар.
Киногердердің айтуынша, даулы аумаққа басы парк деп басталып, арты бизнес ғимараттар салынып кетуі мүмкін.

5,5 гектар жерге қатысты дау: "Қазақфильм" киностудиясы өкілдері президенттен көмек сұрады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Әр жерге парк салуға бола береді. Бізде жыл сайын миллиардтаған қаражат бөлініп, мыңдаған кино шығып жатыр. Бәрін шығара бермейді, сөрелерде жатыр. Соларды мың теңгеден болсын көрсетуге болушы еді. Қазақстанның жеке киноинституты жоқ. Бізге киномамандарын дайындайтын оқу орны керек. Егер ол жерді бос деп санаса сондай оқу орны салынсын. Ертең тақырыптық парк саламыз деп, бизнес ғимаратын салмасына кім кепіл", - дейді кинематографистер.
Қазақ киносының алақандай жерін аңдып, алқымымыздан алып бітті дейді киноөнер мамандары.

5,5 гектар жерге қатысты дау: "Қазақфильм" киностудиясы өкілдері президенттен көмек сұрады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Әл-Фарабидің бойынан ары-бері өткендердің көзіне түсіп тұрған жер. Егер парк салса айқай, шу болады. Дубляж жасағанда кедергі болады. Сапасыз түсірілім, сапасыз жұмыс, қаншама еңбек зая кетеді. Ол жер қаланың балансындағы жер, біз тек жалға алушылармыз. Кезінде осы жерді алғысы келгендер опасыздық жасап, өртеп жіберген де кез болған", - дейді кинорежиссер Сатыбалды Текеев.

Брифинг Альянса кинематографистов Казахстана в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Кинематографистердің айтуынша, қазақ фильмінің қазіргі басшысы бұл мәселеге жанашырлық танытпай отыр.
"Киностудия басында отырған басшы киноматографист емес, сол себепті ол не қорғай алмады немесе басқа да себептері бар. Бұрыңғы президенттер бұл саланы барынша қорғайтын. Парк әрине жақсы, бірақ түсірілім аумағына зар кинематография саласын жерсіз қалдырып қажет емес. Киноматография шығармашылық қана емес, техникалық жұмыс, бұған кеңістік керек. Біз әртүрлі басшыға хат жолдадық, бірақ түбегейлі қарсы жауап алдық", - дейді кинематографистер.

Брифинг Альянса кинематографистов Казахстана в Алматы
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Олардың айтуынша, 5,5 гектарға не салынатыны әлі де белгісіз. Бірақ іс жүзінде құрылыс жұмысы басталып кетті, деген киногерлер журналистер алдында президентке ашық түрде үндеу жолдады.
"Бұл құрылыс жұмыстары ашық диалогсыз жүргізіліп жатыр. Техникалық базасын дамытудың орнына, аумағын қысқарту дұрыс емес. Киноиндустрия, урбанистер мен экология, тұрғындар алдында ашық талқылауды сұраймыз", - дейді Қазақстан киноматографистер альянсы.

