Екі облыста жылыту маусымы 1 қазанға дейін басталады — министр

© Sputnik / Мария ДевахинаЛюди держат руки над батареей, проверяя, включено ли отопление, архивное фото
Люди держат руки над батареей, проверяя, включено ли отопление, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Павлодар облысында жылыту маусымы бір апта бұрын басталған болатын
АСТАНА, 22 қыркүйек — Sputnik. Тағы екі өңірде жылыту маусымы басталады. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Павлодар облысында жылыту маусымы бір апта бұрын басталған болатын.
"Солтүстік және шығыс өңірлерде ауа райының көрсеткіштеріне қарай жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр", — деді Ақкенженов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Оның айтуынша, Петропавл қаласында барлық дайындық жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Ал Семей қаласында үш жоба бойынша жұмыстардың орындалу деңгейі осы аптада 70%-ды құрайды.
"Сонымен қатар сутартқыш құрылғылар мен жылу алмастырғыштар 26 қыркүйекте жеткізіледі деп жоспарланған. Осыған байланысты өңір әкімдігіне жабдықтарды жеткізуді жеделдету қажет", — деп атап өтті министр.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Видео
Бектенов жылыту маусымы уақтылы басталмаған өңір әкімдері жеке жауап беретінін ескертті
Жаңалықтар
0