Семейде көлік жуу ғимаратында жарылыс болды

© Photo : Төтенше жағдайлар министрлігіСемейде көлік жуу ғимаратында жарылыс болды
Семейде көлік жуу ғимаратында жарылыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Өрттің жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге де таралғаны анықталды
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Семейде автожуу орнында өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
"Қаладағы Солтүстік ауданы Сосновая көшесінде бір қабатты автожуу ғимаратының жануы орын алды. Өрт сөндіру есептоптары келгенге дейін газгольдер жарылған", - дейді құтқарушылар.
Өрттің жүк көлігі мен екі жеке тұрғын үйге де таралғаны анықталды. Өрт аумағы анықталуда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Оқиға орнында ТЖМ күштері мен құралдары жоғары ранг бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.09.2026
Астанада салынып жатқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шықты
Жаңалықтар
0