Видео

Павлодарда зейнеткер 6 млн теңгеге жуық ақшасын алаяқтарға такси арқылы салып жіберген

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Алдымен оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметкерлері ретінде таныстырған
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда такси жүргізушісі мен полицейлер зейнеткерге 6 млн теңгеге жуық ақшасын қайтаруға көмектесті, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Бұл оқиға қаладағы көлік жуу орындарының бірінде басталған. Такси жүргізушісі Алматы қаласына сөмке жеткізуі тиіс болған. Бір уақытта ол сөмкеден жарманың төгіліп жатқанын байқап, сөмкенің ішін тексеруді ұйғарғанда оның ішінде қомақты ақша жатқанын анықтаған. Күдіктенген ол мәселені шешу үшін полицияға жүгінген.
Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға дереу кірісіп, көп ұзамай ақшаның кімге тиесілі екені анықталып, оның иесімен байланыс орнатылды.
Белгілі болғандай, Павлодар қаласының тұрғыны телефон алаяқтарының құрбаны болған. Алдымен оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өздерін энергиямен жабдықтаушы ұйымның қызметкерлері ретінде таныстырған. Олар электр есептегішті ауыстыру сылтауымен әйелді SMS арқылы келген кодты айтуға көндірген.
Кейін онымен "электрондық үкіметтің" қызметкерлері ретінде таныстырған алаяқтар байланысып, оның атына несие рәсімделгенін хабарлаған. Аталған несиені "жабу" сылтауымен алаяқтар әйелді қолма-қол 5 млн 970 мың теңге беруге көндірген. Ақшаны алу үшін қылмыскерлер курьерді пайдаланған, ол ақшасы бар пакетті такси жүргізушісіне берген.
Такси жүргізушісінің қырағылығы мен Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралардың арқасында ақша толық көлемде заңды иесіне қайтарылды.
Пенсионерка держит смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Банк қосымшасын орнатпақ болған зейнеткер 3 млн теңгесінен айырылды
Жаңалықтар
0