Астана әуежайында 200-ден астам iPhone 18 смартфонын заңсыз алып кіру фактілері тіркелді

© Photo : Қаржы министрлігіАстана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған
Астана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жазылу
Бір жағдайда жолаушы багажында бірден 50 смартфонды әкелуге әрекет жасаған
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Астана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз әкелудің жолы кесілді
Заңсыз әрекетті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Әуежай – Астана" кеден бекетінің қызметкерлері анықтаған.
"Мобильді құрылғыларды заңсыз әкелудің 10 фактісінің жолы кесілді. Барлығы 223 дана iPhone 18 смартфоны және 10 жұп AirPods сымсыз құлаққабы анықталды", - деп жазылған хабарламада.
© Photo : Қаржы министрлігіАстана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған
Астана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Астана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған
Кедендік бақылау барысында жолаушылардың багажында көп мөлшерде мобильді құрылғыларды "жасыл дәліз" арқылы, яғни кедендік декларацияны ұсынбастан алып өткені анықталды.
Атап айтқанда, бір жағдайда жолаушы багажында бірден 50 смартфонды әкелуге әрекет жасаған. Бұл жеке тұлғаның кедендік төлемдерді төлемей және декларацияламай, жеке пайдалануға арналған тауар ретінде алып өтуіне белгіленген мөлшерден едәуір асып түседі.
Анықталған фактілер бойынша 4 тұлғаның жеке кәсіпкер мәртебесі болғаны, тағы 4 тұлғаның жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей тауар әкелгені анықталды. Мобильді құрылғылар уақытша сақтау қоймасына орналастырылды.
© Photo : Қаржы министрлігіАстана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған
Астана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Астана әуежайында 223 дана iPhone 18 смартфонын заңсыз кіргізбек болған
Мемлекеттік кірістер комитеті ұялы телефондарға қатысты жеке тұлғаларға бір адамға 2 смартфоннан артық емес мөлшерде алып өтуге рұқсат етілетінін еске салды.
Егер өткізілетін тауарлардың саны немесе сипаты жеке пайдалануға арналған тауарларға белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келмесе, олар кедендік декларациялауға және тиісті кедендік рәсімдеуге жатады.
Жаңалықтар
0