https://sputnik.kz/20260921/toqaev-putindi-memlekettik-duma-saylauynyn-tabysty-otuimen-quttyqtady-66866534.html
Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысы Дума сайлауы Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті 21.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-21T09:03+0500
2026-09-21T09:03+0500
2026-09-21T09:10+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07ea/07/19/65208209_0:0:3034:1708_1920x0_80_0_0_cb361e6cbe1ff0b4f9c7b4f5b90531d8.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен.Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.Қазақстан президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.
https://sputnik.kz/20260921/duma-saylauynyn-aldyn-ala-qorytyndysy-khattamalardyn-75-y-ondeldi-66864224.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/19/65208209_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_be13215abbb43a2521c5cfa9ed05b9fd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады
09:03 21.09.2026 (жаңартылды: 09:10 21.09.2026) Мемлекет басшысы Дума сайлауы Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін атап өтті
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинді тоғызыншы шақырылымдағы Мемлекеттік Дума сайлауының табысты өтуімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы аталған сайлау Ресейдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға екенін, ал дауыс беру нәтижесі Ресейдің ұзақмерзімді мүддесін қорғауға бағытталған Владимир Путиннің стратегиялық бағдарын халық кеңінен қолдайтынына айқын дәлел болғанын атап өткен.
"Сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары азаматтардың әл-ауқатын көтеру және Ресейдің әлемдік держава ретіндегі әлеуетін нығайту мақсатында тиімді шаралар мен шешімдер қабылдайтынына күмән жоқ", – делінген құттықтауда.
Жеделхатта Қазақстан-Ресей одақтастық қарым-қатынасының маңызды бөлігі ретінде парламентаралық ықпалдастыққа айрықша назар аударылған.
Қазақстан президенті Құрылтай депутаттары мен Ресей парламентарийлері екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастық пен стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту үшін бірлескен жұмысты белсенді жалғастыратынына сенім білдірді.