Тоқаев Армения басшыларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

© Sputnik / Санат ИмангалиевРезиденция президента Казахстана - Акорда
Резиденция президента Казахстана - Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Армения тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай президент Ваагн Хачатурян мен премьер-министр Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы армян халқының ұлттық бірлігі мен жасампаз рухын, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы абырой-беделін паш ететін бұл айтулы күннің тарихи маңызы зор екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетаралық ықпалдастық пен стратегиялық серіктестік одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.
"Қазақ-армян ынтымақтастығы ойдағыдай өрбіп, бірлескен күш-жігердің арқасында мән-мазмұны толығып келеді. Бұл елдеріміз арасындағы достық пен стратегиялық серіктестік рухына сай. Қазақстанның Армениямен сан қырлы байланысты күшейтуге ниетті екенін растаймын", – деп жазылған жеделхатта.
Президент Армения елі басшыларына мемлекеттік қызметте толайым табыс, ал достас армян халқына бақ-береке тіледі.
Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
Жаңалықтар
0