https://sputnik.kz/20260921/mobildi-audarymdarga-qatysty-tagy-bir-talap-engiziledi-66873637.html
Мобильді аударымдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі
Мобильді аударымдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі
Sputnik Қазақстан
Тіркелмеген шетелдік компаниялар төлемдер мен аударымдар туралы ақпаратты салық органдарына әр тоқсан сайын ұсынуға тиіс 21.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-21T12:38+0500
2026-09-21T12:38+0500
2026-09-21T12:38+0500
салық
салық төлеуші
https://sputnik.kz/img/1106/79/11067920_0:0:2886:1623_1920x0_80_0_0_3f8513f0897cbab9ded82b31a25ace98.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Салық кодексіне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар аясында мобильді аударымдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерге қатысты заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарды.Заң жобасына сәйкес, Қазақстан аумағында интернет-алаңдар арқылы қызмет көрсететін тіркелмеген шетелдік компанияларға қатысты төлемдер мен аударымдар туралы ақпарат салық органдарына әр тоқсан сайын ұсынылуға тиіс.Атап айтқанда, бір күнтізбелік тоқсан ішінде атына 100-ден астам төлем немесе аударым жасалған және олардың жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын тіркелмеген шетелдік компаниялар туралы мәлімет беріледі.Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар мобильді төлемдерді қабылдауға арналған құрылғы арқылы ағымдағы шотқа түскен төлемдердің жалпы сомасы туралы мәлімет ұсынуға тиіс.Барлық ақпарат есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей жіберілуі керек.
https://sputnik.kz/20260921/salyqshylar-marketpleystegi-akkaunttardy-bugattay-alady-66873042.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1106/79/11067920_251:0:2415:1623_1920x0_80_0_0_723f8b6c46e779b2bbeba6ccf3328985.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
салық, салық төлеуші
Мобильді аударымдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі
Тіркелмеген шетелдік компаниялар төлемдер мен аударымдар туралы ақпаратты салық органдарына әр тоқсан сайын ұсынуға тиіс
АСТАНА, 21 қыркүйек — Sputnik. Салық кодексіне ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар аясында мобильді аударымдарға қатысты тағы бір талап енгізіледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Ұлттық экономика министрлігі Салық кодексіне енгізілетін өзгерістерге қатысты заң жобасын
қоғамдық талқылауға шығарды.
Заң жобасына сәйкес, Қазақстан аумағында интернет-алаңдар арқылы қызмет көрсететін тіркелмеген шетелдік компанияларға қатысты төлемдер мен аударымдар туралы ақпарат салық органдарына әр тоқсан сайын ұсынылуға тиіс.
Атап айтқанда, бір күнтізбелік тоқсан ішінде атына 100-ден астам төлем немесе аударым жасалған және олардың жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1 000 айлық есептік көрсеткіштен асатын тіркелмеген шетелдік компаниялар туралы мәлімет беріледі.
"Қазақстан Республикасының аумағында интернет-алаң арқылы қызметін жүзеге асыратын, олардың атына күнтізбелік тоқсан ішінде жүзден астам төлем мен аударым жасалған және олардың жиынтық сомасы (...) айлық есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын тіркелмеген шетелдік компаниялардың пайдасына жүзеге асырылған төлемдер мен аударымдардың қорытынды сомалары туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті", — делінген заң жобасында.
Бұдан бөлек, жеке кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар мобильді төлемдерді қабылдауға арналған құрылғы арқылы ағымдағы шотқа түскен төлемдердің жалпы сомасы туралы мәлімет ұсынуға тиіс.
Барлық ақпарат есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей жіберілуі керек.