Батыс Қазақстан облысында студент туған әкесін сотқа берді

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСот құралы
Сот құралы - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Сотқа дейінгі татуластыру рәсімі кезінде студент бала әкесімен бір келісімге келді
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында студент туған әкесін сотқа берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Колледжге түскен бала оқу кезінде әкесінен алимент төлеуді талап етті.
Бұл істі алдымен татуластырушы судья қараған. Сотқа дейінгі татуластыру рәсімі кезінде студент бала әкесімен бір келісімге келді.
Келісім шарттарына сәйкес, ер адам баласына 2026 жылдың 25 қыркүйегінен бастап, 2027 жылдың 25 маусымына дейін ай сайын 40 000 теңге төлейді. Осылайша, талап қоюшы жиырма бір жасқа толғанға дейін оқу оқып жүрген уақытта алимент алып тұрады.
Казталов аудандық соты медиативтік келісімді бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатты.
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2026
Алматы тұрғыны сот арқылы туған әкесін үйден шығармақ болды
Жаңалықтар
0