https://sputnik.kz/20260921/astanada-apaly-sinlili-eki-ayel-kuyeulerimen-birge-priton-uyymdastyrgan-66884205.html
Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге "притон" ұйымдастырған
Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге "притон" ұйымдастырған
Sputnik Қазақстан
Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген 21.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-21T16:27+0500
2026-09-21T16:27+0500
2026-09-21T16:45+0500
видео
астана
қылмыс
https://sputnik.kz/img/old/1190/80/11908023_0:940:1995:2062_1920x0_80_0_0_049c35e94fade5cd6ba24d078c494c6c.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында притон ұйымдастыру, оның ішінде кәмелетке толмағандарды тарту арқылы ұйымдастырылған қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады Бас прокуратура.Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін "притон" ұйымдастырғаны анықталды.Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген.Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.
https://sputnik.kz/20250529/pavlodarda-priton-uyymdastyrgan-6-adam-sottaldy----54071367.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1190/80/11908023_0:753:1995:2249_1920x0_80_0_0_07565ec823ed6ff72329dc0caaa403ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, қылмыс
Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге "притон" ұйымдастырған
16:27 21.09.2026 (жаңартылды: 16:45 21.09.2026) Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Астана қаласында притон ұйымдастыру, оның ішінде кәмелетке толмағандарды тарту арқылы ұйымдастырылған қылмыстық топтың 15 мүшесіне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Тергеу барысында 2023 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңде екі апалы-сіңлілі өз жұбайларымен бірге тұрғын үй кешендерінде жыныстық қызмет көрсету үшін "притон" ұйымдастырғаны анықталды.
Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамына күзетшілер, әкімшілер, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы қызметтерді жарнамалаумен айналысқан тұлғалар кірген.
"Ұйымдастырушылар қаладағы түнгі клубтардан қыздарды іздеп, оларға жоғары табыс, тұрғылықты үй, қауіпсіздік және құпиялылықты қамтамасыз етуге уәде берген. Бұдан бөлек, қылмыскерлер клиенттердің алкогольдік масаң күйін пайдаланып, оларға күш қолданып, ақшалай қаражаттарын бопсалаған, сондай-ақ оларды жалға алынған пәтерлерде заңсыз ұстаған", - деп жазылған хабарламада.
Барлық 15 қатысушы ұсталып, оларға қатысты күзетпен ұстау және үйқамақ түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған.
Елорда прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдады.