Ақтөбеде ер адам оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

© Photo : pixabay.comЖасөспірім
Жасөспірім - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Хат алмасу кезінде ол өзінің нақты жасын жасырған
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақтөбеде отбасылы ер адам оқушымен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқиға туралы әлеуметтік желіде тарады.
Ересек ер адам оқушы ұлмен әлеуметтік желіде танысқан. Хат алмасу кезінде ол өзінің нақты жасын жасырған.
Уақыт өте келе қарым-қатынас жеке кездесулерге ұласқан. Жақын қарым-қатынастан кейін жасөспірімге медициналық көмек қажет болған. Оқушыдан ауыр инфекция анықталып, ауруханаға жатқызылған.
Қылмыстық іс қозғалды.
"Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласы полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Қажетті тергеу әрекеттерінен кейін процестік шешім қабылданады", - дейді Ақтөбе облысының полиция департаментінде.
Девочка завязывает шнурки на ботинках - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2026
"Үстінен түстім": жыныстық зорлық көрген қыздың анасы оқиғаның қалай болғанын айтты
Жаңалықтар
0