АҚШ Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы ауқымды санкциялар дайындап жатыр – WSJ

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың ғимараты
Гаагадағы Халықаралық қылмыстық соттың ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Сот АҚШ долларымен операция жүргізу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Халықаралық қылмыстық сотқа (ХҚС) қарсы оның жұмысына елеулі шектеу қоюы мүмкін ауқымды санкциялар енгізуге дайындалып жатыр. Бұл туралы Wall Street Journal америкалық шенеуніктерге және құжаттарға сілтеме жасап хабарлады.
"Трамп әкімшілігі Халықаралық қылмыстық сотқа қарсы ауқымды санкциялар енгізуге дайындалып жатыр. Бұл Вашингтонның Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуды қамауға алуға ордер бергеннен кейін аталған ұйымның жұмысын тоқтатуға бағытталған күш-жігерін күрт күшейткенін білдіреді", - делінген басылым хабарламасында.
Басылымның мәліметінше, жаңа шектеулер өтпелі кезең аяқталғаннан кейін, яғни алты-жеті ай аралығында ХҚС-пен жасалатын операциялардың басым бөлігіне тыйым салуды көздейді.
Атап айтқанда, сот АҚШ долларымен операция жүргізу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін. Бұл оның әлемдік қаржы жүйесіне қолжетімділігін айтарлықтай шектейді.
Жаңалықтар
0