https://sputnik.kz/20260920/qazaqstandyq-bitimgerler-golan-biikterinde-470-zhedel-is-shara-otkizdi-66853447.html
Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді
Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді
Sputnik Қазақстан
Төрт ай ішінде әскери қызметшілер 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 қ-дәріні анықтап, жойды 20.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-20T13:55+0500
2026-09-20T13:55+0500
2026-09-20T13:55+0500
бітімгершілік
әскери қызметкер
https://sputnik.kz/img/07ea/09/14/66851318_0:90:960:630_1920x0_80_0_0_04d3df99f537f35b3b3b35f281add635.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек-Sputnik. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) құрамында үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің қызмет атқара бастағанына тура төрт ай толды. Осы кезеңде қазақстандық әскери қызметшілер 470 жедел іс-шара өткізіп, оның ішінде жауапкершілік аймағында 379 патрульдеу жүргізді. Сонымен қатар 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 оқ-дәрі жойылды.БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері жауапкершілік аймағын патрульдеп, ахуалды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жедел әрекет ету күштерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді.Қажет болған жағдайда әскери қызметшілер бақылау бекеттерін күшейтуге, БҰҰ персоналын эвакуациялауға, сондай-ақ Ұйым өкілдері мен жүктерін алып жүруге тартылады.Төрт ай ішінде әскери қызметшілер 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 қ-дәріні анықтап, жойды.Маусым-қыркүйек аралығында ұлттық контингент барлығы 470 жедел іс-шара өткізді. Оның ішінде жауапкершілік аймағын патрульдеумен қатар, 49 уақытша түнгі бақылау бекеті ұйымдастырылып, жедел әрекет ету күштерінің 11 оқу-жаттығуы және жергілікті қауымдастық өкілдерімен 11 кездесу өткізілді.Қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ мандатына сәйкес міндеттерін орындауды жалғастырып, жауапкершілік аймағында тұрақты қатысуын және кез келген жағдайға жедел ден қою әзірлігін қамтамасыз етіп жатыр.
https://sputnik.kz/20260910/qazaqstandyq-bitimgerler-golan-zhotalarynda-myndagan-zharylgysh-zat-pen-oq-darini-zhoydy-66537189.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/14/66851318_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_9890777c63a5bb50223e4a68d79b9ce3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бітімгершілік, әскери қызметкер
бітімгершілік, әскери қызметкер
Қазақстандық бітімгерлер Голан биіктерінде 470 жедел іс-шара өткізді
Төрт ай ішінде әскери қызметшілер 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 қ-дәріні анықтап, жойды
АСТАНА, 20 қыркүйек-Sputnik. Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Голан жоталарындағы бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясы (UNDOF) құрамында үшінші ұлттық бітімгерлік контингентінің қызмет атқара бастағанына тура төрт ай толды.
Осы кезеңде қазақстандық әскери қызметшілер 470 жедел іс-шара өткізіп, оның ішінде жауапкершілік аймағында 379 патрульдеу жүргізді. Сонымен қатар 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 оқ-дәрі жойылды.
БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері жауапкершілік аймағын патрульдеп, ахуалды бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ жедел әрекет ету күштерінің тұрақты әзірлігін қамтамасыз етеді.
Қажет болған жағдайда әскери қызметшілер бақылау бекеттерін күшейтуге, БҰҰ персоналын эвакуациялауға, сондай-ақ Ұйым өкілдері мен жүктерін алып жүруге тартылады.
Төрт ай ішінде әскери қызметшілер 350 жарылғыш зат пен атыс қаруына арналған 1 800 қ-дәріні анықтап, жойды.
Маусым-қыркүйек аралығында ұлттық контингент барлығы 470 жедел іс-шара өткізді. Оның ішінде жауапкершілік аймағын патрульдеумен қатар, 49 уақытша түнгі бақылау бекеті ұйымдастырылып, жедел әрекет ету күштерінің 11 оқу-жаттығуы және жергілікті қауымдастық өкілдерімен 11 кездесу өткізілді.
Қазақстандық бітімгерлік контингент БҰҰ мандатына сәйкес міндеттерін орындауды жалғастырып, жауапкершілік аймағында тұрақты қатысуын және кез келген жағдайға жедел ден қою әзірлігін қамтамасыз етіп жатыр.