Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді

© Photo : Туризм және спорт министрлігіҚазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді
Қазақстандық бессайысшылар 16 жылдан кейін Азия ойындарының жүлдесін иеленді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Жазылу
XX жазғы Азия ойындары Жапонияда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр
АСТАНА, 20 қыркүйек-Sputnik. Қазақстанның қазіргі бессайыстан ерлер құрамасы Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды.
Командалық есеп қорытындысы бойынша қазақстандық бессайысшылар үшінші орынға ие болып, 16 жылдан кейін Қазақстанды Азия ойындарының тұғырына қайта шығарды.
Бұған дейін еліміздің өкілдері қазіргі бессайыстан Азия ойындарындағы соңғы жүлдесін 2010 жылы иеленген еді. Финалдық кезеңде Қазақстан намысын Тихон Варехин, Темирлан Абдраимов, Лев Чувашов қорғады.
"Бұл қола жүлде қазақстандық қазіргі бессайыс үшін маңызды нәтиже болып, жазғы Азия ойындарындағы 16 жылдық жүлдесіз кезеңге нүкте қойды. Ерлер құрамасының бұл медалі Қазақстан құрамасының XX жазғы Азия ойындарының алғашқы жарыс күніндегі жүлделер қорын да толықтырды", - дейді Туризм және спорт министрлігі.
Еске салайық, XX жазғы Азия ойындары Айти–Нагояда 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында өтіп жатыр.
Алексей Луценко - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2026
Алексей Луценко Қазақстан қожынына Азия ойындарының екінші алтынын салды
Жаңалықтар
0