https://sputnik.kz/20260920/qazaqstandagy-bolashaq-polietilen-zauytynda-zhobadagy-en-iri-bagana-ornatyldy-66859229.html
Қазақстандағы болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағана орнатылды
Қазақстандағы болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағана орнатылды
Sputnik Қазақстан
Монтаж жұмысы шамамен бес сағатқа созылды, жүк негізгі шынжыр табанды кран мен 1 700 тонна қосалқы кранның көмегімен бірнеше кезеңде орнатылды 20.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-20T16:51+0500
2026-09-20T16:51+0500
2026-09-20T17:02+0500
зауыт
өндіріс
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07ea/09/14/66857609_0:0:1281:720_1920x0_80_0_0_266e8edb08235e7017eb73a52666660e.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Полиэтилен зауытының құрылыс алаңында ең ірі бағана орнатылды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".Компания хабарлауынша, жабдық Қазақстанда "АтырауНефтеМаш" зауытында жасалды.Бағана пиролиз қондырғысының технологиялық процесіндегі негізгі элементтердің бірі және полиэтилен өндіруге қажетті негізгі шикізат – этиленді бөліп алуға арналған."Күрделі инженерлік операцияны орындау үшін құрылыс алаңында 4 000 тонна жүк көтеруге қауқарлы шынжыр табанды кран құрастырылды. Бұл – әлемдегі осы санаттағы ең ірі крандардың бірі", - дейді компанияда.Монтаж жұмысы шамамен бес сағатқа созылды, жүк негізгі шынжыр табанды кран мен 1 700 тонна қосалқы кранның көмегімен бірнеше кезеңде орнатылды. Алғашында бағана көлденең күйінде шамамен үш метр биіктікке көтерілді. Қажетті дайындық және бақылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін жабдық көлденең күйден тік қалыпқа көтеріліп, іргетасқа орнатылып, бекітілді.Бұл жабдық та Қазақстан зауытында жасалған.Құрылыс алаңына шамамен 5 000 адам және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Пиролиз, полимерлеу және жалпы зауыттық шаруашылық нысандарында жұмыстар жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260908/qyzylordadagy-munay-ondeu-zauytynda-ort-shyqty-66472673.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/14/66857609_128:0:1088:720_1920x0_80_0_0_d16f483d09cf9f3e9ad34c0117068e09.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
зауыт, өндіріс, құрылыс
Қазақстандағы болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағана орнатылды
16:51 20.09.2026 (жаңартылды: 17:02 20.09.2026) Монтаж жұмысы шамамен бес сағатқа созылды, жүк негізгі шынжыр табанды кран мен 1 700 тонна қосалқы кранның көмегімен бірнеше кезеңде орнатылды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Полиэтилен зауытының құрылыс алаңында ең ірі бағана орнатылды, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
"Болашақ полиэтилен зауытында биіктігі 101,8 метр, диаметрі 7,5 метр этиленді фракциялау бағанасы орнатылды. Барлық жиынтықты қосқандағы салмағы 1,8 мың тоннадан асады", - деп жазылған хабарламада.
Компания хабарлауынша, жабдық Қазақстанда "АтырауНефтеМаш" зауытында жасалды.
Бағана пиролиз қондырғысының технологиялық процесіндегі негізгі элементтердің бірі және полиэтилен өндіруге қажетті негізгі шикізат – этиленді бөліп алуға арналған.
"Күрделі инженерлік операцияны орындау үшін құрылыс алаңында 4 000 тонна жүк көтеруге қауқарлы шынжыр табанды кран құрастырылды. Бұл – әлемдегі осы санаттағы ең ірі крандардың бірі", - дейді компанияда.
Монтаж жұмысы шамамен бес сағатқа созылды, жүк негізгі шынжыр табанды кран мен 1 700 тонна қосалқы кранның көмегімен бірнеше кезеңде орнатылды. Алғашында бағана көлденең күйінде шамамен үш метр биіктікке көтерілді. Қажетті дайындық және бақылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін жабдық көлденең күйден тік қалыпқа көтеріліп, іргетасқа орнатылып, бекітілді.
"Алдағы уақытта 4 000 тонналық шынжыр табанды кран пиролиз қондырғысының тағы бір аса ірі габаритті жабдығы – салмағы шамамен 700 тонна, биіктігі 50 метрден астам және диаметрі шамамен 10 метр болатын суыту бағанасын монтаждау үшін пайдаланылатын болады", - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз".
Бұл жабдық та Қазақстан зауытында жасалған.
Құрылыс алаңына шамамен 5 000 адам және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Пиролиз, полимерлеу және жалпы зауыттық шаруашылық нысандарында жұмыстар жалғасып жатыр.