https://sputnik.kz/20260920/bugin-alemde-zhane-qazaqstanda-qanday-mereke-bolady-20-qyrkuyek-66795750.html
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 қыркүйек
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 қыркүйек
Sputnik Қазақстан
20 қыркүйекте не болғанын білесіз бе? 20.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-20T00:01+0500
2026-09-20T00:01+0500
2026-09-20T00:01+0500
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе
қызықты деректер
https://sputnik.kz/img/1144/55/11445556_58:0:2943:1623_1920x0_80_0_0_db0f6c71434eaa7b3f066d83a13613bf.jpg
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін Sputnik дереқорынан оқыңыз.20 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болдыБүгін, 20 қыркүйек – қоғамға пайдалы адамның күні. Бұл күні берекелі іс жасау керек. Бүгін қарт жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасаған жөн. Қоғамдық ұйымға ерікті болуға немесе өз аулаңызды тазартуға атсалысуға болады. Ең бастысы, немқұрайдылық танытпай, басқаларға жақсылық жасауға асыққан абзал.Бүгін әлемде Күріш күні атап өтіледі. Бұл күнді Біріккен Ұлттар ұйымы бекіткен. Күріш күні мерекеден гөрі әлемде миллиондаған адамның аш жүргенін, оларды өлімнен күріш — нәрлі, арзан азық құтқарып жүргенін еске салатын күн. Көптеген университет пен мектепте бұл күні түрлі акциялар өткізіледі, оқушылар күні бойы тек күріш қана жейді. Осылайша, олар күнде тек қана бір тамақ жеудің не екенін сезінеді. Бірақ күріш туралы әлемдік азық-түлік проблемасы тұрғысынан қарамайтын болсақ, бұл өте дәмді өнім, одан түрлі тамақ пісіруге болады. Сондықтан бұл күні қиялыңызға ерік беріп, тіпті күріштен тәтті десерттер мен ыстық сусындар дайындауға мүмкіндік бар.Бүгін Венесуэла, Перу және Уругвайда ой-пікіріңді еркін білдіру күні.Әзербайжанда мұнайшылар күні.20 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар1519 жылы Фернан Магеллан Жер шарын айналып шығуға бағытталған экспедициясын Испанияның Санлукар-де-Баррамеда қаласынан бастады;1792 жылы Францияда ерлі-зайыптылардың ажырасуына рұқсат берілді;1870 жылы итальян әскері Римге кіріп, Италияны біріктіру үдерісін аяқтады; 1946 жылы Францияның Канн қаласында алғашқы Канн кинофестивалі ашылды. Фестивальге 18 ел қатысты;1977 жылы Вьетнам Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.20 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар1913 жылы Семейде алғашқы қазақ футбол командалары пайда болды: ССК, "Олимп", "Ласточка", "Орлята" и "Ярыш";1955 жылы Семейде республикалық тарихи-патриоттық "Поиск" клубы құрылды;2001 жылы Қарағандыда облыстың табиғаты мен тарихын таныстыратын этнопарк ашылды;2006 жылы Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында метанның жарылуы салдарынан 41 шахтер қаза тауып, 12-і әртүрлі дәрежеде жарақат алды;2006 жылы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогының әлемдік тобына жолдама алды;2013 жылы Қазақстанда салауатты өмір салтын, спорт пен ішкі туризмді насихаттайтын "Тұран-ТВ" телеарнасы іске қосылды;2019 жылы Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың аты берілген көше ашылды.20 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар1878 жылы америкалық жазушы Уптон Синклер дүниеге келді.1934 жылы итальян актрисасы мен әншісі Софи Лорен дүниеге келді;1939 жылы "әлемдегі ең кішкентай адам" ретінде танымал америкалық актер Мичу Месарош өмірге келді;1948 жылы америкалық жазушы-фантаст, сценарист, продюсер және редактор Джордж Мартин дүниеге келді. Ол ғылыми фантастика жанрындағы әңгімелер мен повестер, қорқынышты және фэнтези әдебиет арқылы танымал болды. Әсіресе, "Песнь Льда и Огня" романдар циклі мен HBO компаниясы түсірген "Игра престолов" белгілі сериалы түріндегі еңбегі көпшілікке мәлім;1956 жылы америкалық актер Гэри Коул дүниеге келді;1974жылы ресейлік эстрада әншісі Катя Лель дүниеге келді.20 қыркүйекте Қазақстанда кім туды1891 жылы қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері Жұмақан Күдерин дүниеге келді;1910 жылы экономист, Қазақ КСР-нің қоғам және саясат қайраткері, құрметті теміржолшы Өтешқали Атамбаев дүниеге келді;1920 жылы агроном-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапанов дүниеге келді;1923 жылы радиолог-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, халықаралық бейбітшілік сыйлықтың лауреаты Сайым Балмұқанов дүниеге келді;1925 жылы ақын, жазушы, драматург Жұмабай Тәшенов дүниеге келді;1958 жылы ақын, Қазақстан жастар одағы сыйлығының, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының Қасымхан Бегманов дүниеге келді.1965 жылы белгілі актер Ғани Құлжанов дүниеге келді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1144/55/11445556_419:0:2583:1623_1920x0_80_0_0_b21fb8dbfbd438c8001bcc22f04ac28f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
бүгін қандай мереке: әр күнге арналған күнтізбе, қызықты деректер
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 20 қыркүйек
20 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен ерекшеленетінін
Sputnik дереқорынан оқыңыз.
20 тамызда әлемде қандай қызықты оқиғалар болды
Бүгін, 20 қыркүйек – қоғамға пайдалы адамның күні. Бұл күні берекелі іс жасау керек. Бүгін қарт жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасаған жөн. Қоғамдық ұйымға ерікті болуға немесе өз аулаңызды тазартуға атсалысуға болады. Ең бастысы, немқұрайдылық танытпай, басқаларға жақсылық жасауға асыққан абзал.
Бүгін әлемде Күріш күні атап өтіледі. Бұл күнді Біріккен Ұлттар ұйымы бекіткен. Күріш күні мерекеден гөрі әлемде миллиондаған адамның аш жүргенін, оларды өлімнен күріш — нәрлі, арзан азық құтқарып жүргенін еске салатын күн. Көптеген университет пен мектепте бұл күні түрлі акциялар өткізіледі, оқушылар күні бойы тек күріш қана жейді. Осылайша, олар күнде тек қана бір тамақ жеудің не екенін сезінеді. Бірақ күріш туралы әлемдік азық-түлік проблемасы тұрғысынан қарамайтын болсақ, бұл өте дәмді өнім, одан түрлі тамақ пісіруге болады. Сондықтан бұл күні қиялыңызға ерік беріп, тіпті күріштен тәтті десерттер мен ыстық сусындар дайындауға мүмкіндік бар.
Бүгін Венесуэла, Перу және Уругвайда ой-пікіріңді еркін білдіру күні.
Әзербайжанда мұнайшылар күні.
20 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар
1519 жылы Фернан Магеллан Жер шарын айналып шығуға бағытталған экспедициясын Испанияның Санлукар-де-Баррамеда қаласынан бастады;
1792 жылы Францияда ерлі-зайыптылардың ажырасуына рұқсат берілді;
1870 жылы итальян әскері Римге кіріп, Италияны біріктіру үдерісін аяқтады;
1946 жылы Францияның Канн қаласында алғашқы Канн кинофестивалі ашылды. Фестивальге 18 ел қатысты;
1977 жылы Вьетнам Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
20 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1913 жылы Семейде алғашқы қазақ футбол командалары пайда болды: ССК, "Олимп", "Ласточка", "Орлята" и "Ярыш";
1955 жылы Семейде республикалық тарихи-патриоттық "Поиск" клубы құрылды;
2001 жылы Қарағандыда облыстың табиғаты мен тарихын таныстыратын этнопарк ашылды;
2006 жылы Қарағанды облысындағы "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында метанның жарылуы салдарынан 41 шахтер қаза тауып, 12-і әртүрлі дәрежеде жарақат алды;
2006 жылы Қазақстанның теннистен ерлер құрамасы өз тарихында алғаш рет Дэвис кубогының әлемдік тобына жолдама алды;
2013 жылы Қазақстанда салауатты өмір салтын, спорт пен ішкі туризмді насихаттайтын "Тұран-ТВ" телеарнасы іске қосылды;
2019 жылы Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың аты берілген көше ашылды.
20 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар
1878 жылы америкалық жазушы Уптон Синклер дүниеге келді.
1934 жылы итальян актрисасы мен әншісі Софи Лорен дүниеге келді;
1939 жылы "әлемдегі ең кішкентай адам" ретінде танымал америкалық актер Мичу Месарош өмірге келді;
1948 жылы америкалық жазушы-фантаст, сценарист, продюсер және редактор Джордж Мартин дүниеге келді. Ол ғылыми фантастика жанрындағы әңгімелер мен повестер, қорқынышты және фэнтези әдебиет арқылы танымал болды. Әсіресе, "Песнь Льда и Огня" романдар циклі мен HBO компаниясы түсірген "Игра престолов" белгілі сериалы түріндегі еңбегі көпшілікке мәлім;
1956 жылы америкалық актер Гэри Коул дүниеге келді;
1974жылы ресейлік эстрада әншісі Катя Лель дүниеге келді.
20 қыркүйекте Қазақстанда кім туды
1891 жылы қазақтың алғашқы биолог ғалымдарының бірі, қоғам қайраткері Жұмақан Күдерин дүниеге келді;
1910 жылы экономист, Қазақ КСР-нің қоғам және саясат қайраткері, құрметті теміржолшы Өтешқали Атамбаев дүниеге келді;
1920 жылы агроном-ғалым, экономика ғылымдарының докторы, профессор Жұмахан Балапанов дүниеге келді;
1923 жылы радиолог-онколог, медицина ғылымының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, халықаралық бейбітшілік сыйлықтың лауреаты Сайым Балмұқанов дүниеге келді;
1925 жылы ақын, жазушы, драматург Жұмабай Тәшенов дүниеге келді;
1958 жылы ақын, Қазақстан жастар одағы сыйлығының, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының Қасымхан Бегманов дүниеге келді.
1965 жылы белгілі актер Ғани Құлжанов дүниеге келді.