Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтуТюрьма, иллюстративное фото
Тюрьма, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Жыл басынан бері жәбірленуші полицияға төрт рет шағымданған
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Жамбыл облысының Жамбыл ауданында бұрынғы әйелінің үйіне қайта-қайта барып, жанжал шығарған 62 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Облыстық прокуратураның мәліметінше, жыл басынан бері аталған мекенжай бойынша отбасылық-тұрмыстық жанжалға қатысты полицияға төрт рет хабарлама түскен.
"Ер адам бірнеше рет жанжал шығарып, отбасы мүшелерін қорқытқан және мүмкіндігі шектеулі әйелге күш қолданған", - деп жазылған хабарламада.
Бұған дейін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған. Алайда ол нұсқаманың талаптарын қайтадан бұзған.
Сот ер адамды Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабында көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот қаулысымен оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасы кесілді.
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Бұрынғы әйелінің ар-намысына тиген блогер Нұрсұлтан Жақсыген сотталды
Жаңалықтар
0