https://sputnik.kz/20260919/ushaqta-balagat-soz-aytqan-sheteldik-zholaushy-12-taulikke-qamauga-alyndy-----66799314.html
Ұшақта балағат сөз айтқан шетелдік жолаушы 12 тәулікке қамауға алынды
Ұшақта балағат сөз айтқан шетелдік жолаушы 12 тәулікке қамауға алынды
Sputnik Қазақстан
Жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде жауапқа тартылғаны анықталды 19.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-19T09:52+0500
2026-09-19T09:52+0500
2026-09-19T09:54+0500
ұшақ
шетелдік
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсінде болған. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді. Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу. Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.
https://sputnik.kz/20260714/ushaq-bortynda-politseydi-balagattagan-ayel--zhazalandy-64888605.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ұшақ, шетелдік
Ұшақта балағат сөз айтқан шетелдік жолаушы 12 тәулікке қамауға алынды
09:52 19.09.2026 (жаңартылды: 09:54 19.09.2026) Жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде жауапқа тартылғаны анықталды
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Көлік полицейлері әуе кемесінің бортында тәртіп бұзған жолаушының құқыққа қайшы әрекетін тоқтатты, – деп хабарлайды
Polisia.kz.
Оқиға Мәскеу – Астана бағытындағы әуе рейсінде болған. Әуе кемесі Астана әуежайына қонғаннан кейін ер адам акт бойынша көліктегі полиция басқармасының қызметкерлеріне берілді.
"Көлік полицейлері 36 жастағы шетел азаматын алкогольдік масаң күйде болғанын және қоғамдық тәртіпті бұзғанын анықтады. Ол әуе кемесі экипажының талаптарын орындамай, басқа жолаушылардың ар-намысына тиетін балағат сөздер айтқан", – деді полиция.
Құқық бұзушы бірден бірнеше құқық бұзушылық бойынша жауапкершілікке тартылды: ұсақ бұзақылық, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, сондай-ақ әуе кемесіндегі мінез-құлық қағидаларын бұзу.
Сот шешімімен шетел азаматы 12 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар жолаушының бұған дейін де, бір жыл ішінде алкогольдік ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылғаны анықталды.