Теміртауда жеке тұрғын үйде газ жарылды

© Sputnik / Антон Вергун / Медиабанкке өтуРабота скорой помощи в Белгородской области, архивное фото
Работа скорой помощи в Белгородской области, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Жарылыс салдарынан үй иесі жарақат алды
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек — Sputnik. Теміртау қаласындағы жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Оқиға 18 қыркүйек күні сағат 06:11 шамасында болған.
"Теміртау қаласындағы Пушкин көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылды. Салдарынан үйдің терезе блоктары мен қабырғасы зақымданды. Бір адам зардап шекті", — дейді құтқарушылар.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы 1959 жылы туған үй есін Теміртау қаласының орталық ауруханасына жеткізді.
Взрыв газового баллона произошел в тандырной в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Астанада тандырханада жарылыс болды
Жаңалықтар
0