Темір жол билеттері 20%-дан 30%-ға дейін арзандады

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Қазақстан темір жолы"Поезд
Поезд  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек - Sputnik. Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ 19 қыркүйектен бастап пойыз билеттеріне күзгі жеңілдік ұсынады. Жолаушылар бірқатар бағыт бойынша белгілі бір вагондарға билетті 20%-дан 30%-ға дейін жеңілдікпен сатып ала алады.
Жеңілдіктер дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:
1.
№77/78 "Алматы – Маңғыстау" Вагон түрі: купе Жеңілдік: 20%
2.
№9/10 "Астана – Алматы" Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон Жеңілдік: 30%
3.
№67/68 "Астана – Өскемен" Вагон түрі: отыратын орындары бар вагон Жеңілдік: 30%
4.
№65/66 "Астана – Қызылорда" Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 25%
5.
№11/12 "Алматы – Шымкент" Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 20%
6.
№25/26 "Алматы – Шымкент" Вагон түрі: туристік (купе) Жеңілдік: 20%
Жеңілдік мөлшері таңдалған пойыз бен вагон түріне байланысты. Арнайы ұсыныс 19 қыркүйектен бастап дүйсенбіден бейсенбіге дейін жөнелтілетін жоғарыда көрсетілген пойыздарға қолданылады.
Танымал туристік бағыттардағы теміржол билеттеріне 20% жеңілдік жасалады - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2026
Танымал туристік бағыттардағы теміржол билеттеріне 20% жеңілдік жасалады
Жаңалықтар
0