"Масқара жағдай". Тоқаев жолдардың сапасын сынға алды

© Пресс-служба президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев выступил перед участниками акции "Таза Қазақстан"
Касым-Жомарт Токаев выступил перед участниками акции Таза Қазақстан
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы проблеманы шешуге құлық танытпағандарға заң аясында қатаң шаралар қолданылатынын ескертті
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Үкімет пен әкімдер қала және ел ішіндегі, яғни ірі немесе шағын қалалардан тысқары жолдардың сапасына баса назар аударуы керек. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясындағы іс-шарада сөйлеген сөзінде айтты.
"Бұл – біздің ең осал тұсымыз, оны мойындаған жөн. Мұны ешкім шеше алмады немесе шешуге құлық танытпады. Масқара жағдай. Оны саботаж деуге болады. Заң аясында қатаң шаралар қолданамыз", - деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент елдегі құрылыстың сапасын қатаң бақылауда ұстайтынын айтты. Оның пікірінше, Қазақстан үлкен құрылыс алаңы болуы керек.
"Құрылыстың сапасы өте жоғары болуы қажет. Мен өз басым осы мәселеге баса назар аударып, бұл жұмысты қатаң бақылауда ұстаймын. Аталған нұсқау мен тиісті ережені бұзатын адамдар заңымыз бойынша міндетті түрде жазаға тартылады", - дейді мемлекет басшысы.
Президент жауапты мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдады - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2026
Астанада 500-ге жуық аула мен қоғамдық кеңістік абаттандырылды – Жеңіс Қасымбек
Жаңалықтар
0