https://sputnik.kz/20260919/domofondy-auystyru-qazhet-oskemen-turgyny-3-mln-tengesinen-ayyrylyp-qala-zhazdady-66821016.html
"Домофонды ауыстыру қажет": Өскемен тұрғыны 3 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
"Домофонды ауыстыру қажет": Өскемен тұрғыны 3 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
Sputnik Қазақстан
Полицияның жедел қимылының арқасында ақша алаяқтардың қолына түспеді 19.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-19T18:55+0500
2026-09-19T18:55+0500
2026-09-19T18:55+0500
өскемен
алаяқ
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның 3 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтардан сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Алаяқтар әйелге домофон қызметінің қызметкерлері ретінде танысып, оған қысым көрсеткен.Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері Жанарбек Бекенбаев пен Дулат Мәжитов жағдайды дер кезінде байқап, алаяқтардың әрекетін тоқтатты.Полиция азаматтарға сақ болу қажеттігін ескертті."Егер бейтаныс адам телефон арқылы банк картасының нөмірін, құпия сөзді немесе SMS арқылы келген кодты сұраса, ешқандай ақпарат бермеңіз. Сондай-ақ бейтаныс адамдардың айтуымен ақша аудармаңыз. Күмәнді қоңырау болса, әңгімені бірден тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз ресми нөмір арқылы хабарласыңыз", - дейді құқық қорғаушылар.
https://sputnik.kz/20260707/milliondardy-zhymqyrgan-alayaq-shkafta-tygylyp-otyrgan-zherinen-ustaldy--video-64736766.html
өскемен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өскемен, алаяқ, алаяқтық
"Домофонды ауыстыру қажет": Өскемен тұрғыны 3 млн теңгесінен айырылып қала жаздады
Полицияның жедел қимылының арқасында ақша алаяқтардың қолына түспеді
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде криминалдық полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның 3 млн теңгеге жуық қаражатын алаяқтардан сақтап қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Алаяқтар әйелге домофон қызметінің қызметкерлері ретінде танысып, оған қысым көрсеткен.
"Олар әйелге домофонды ауыстыру қажет екенін айтып, қысым көрсеткен. Нәтижесінде қала тұрғыны өзінің жеке деректерін берген", - деп жазылған полиция хабарламасында.
Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері Жанарбек Бекенбаев пен Дулат Мәжитов жағдайды дер кезінде байқап, алаяқтардың әрекетін тоқтатты.
Полиция азаматтарға сақ болу қажеттігін ескертті.
"Егер бейтаныс адам телефон арқылы банк картасының нөмірін, құпия сөзді немесе SMS арқылы келген кодты сұраса, ешқандай ақпарат бермеңіз. Сондай-ақ бейтаныс адамдардың айтуымен ақша аудармаңыз. Күмәнді қоңырау болса, әңгімені бірден тоқтатып, банкке немесе полицияға өзіңіз ресми нөмір арқылы хабарласыңыз", - дейді құқық қорғаушылар.