ЖРВИ-мен ауырғандар саны былтырғыдан 1,8 есе төмен - денсаулық сақтау министрлігі

© Sputnik / Максим Богодвид / Медиабанкке өтуГрадус өлшейтін құрал
Градус өлшейтін құрал - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Қыркүйек айының басынан бері елде 51 937 ЖРВИ жағдайы тіркелді
АСТАНА 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жіті респираторлы вирустық инфекциямен сырқаттанушылық өткен жылғыдан 1,8 есеге төмен, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Денсаулық сақтау министрлігі қыркүйек айынан бастап ЖРВИ, тұмау және COVID-19 бойынша сырқаттанушылыққа апта сайын мониторинг жүргізген.

"Қыркүйек айының басынан бері елде 51 937 ЖРВИ жағдайы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 1,8 есеге төмен. Бүгінгі таңда тұмау жағдайлары тіркелген жоқ", - дейді ведомствода.

COVID-19 бойынша көрсеткіш азайған. Жыл басынан бері коронавирус инфекциясының 87 жағдайы тіркелді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 есеге аз.
"COVID-19 басқа да маусымдық респираторлық вирустармен қатар айналымда жүр. Бұл ретте Қазақстанда бұрын белгісіз болған жаңа вирустар анықталған жоқ", - дейді министрлікте.
Жөтел - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Қазақстанда туберкулез жұқтыру көрсеткіші 11%-ға төмендеді
Жаңалықтар
0