https://sputnik.kz/20260918/ukrainada-astanadagy-zharylgysh-zat-turaly-zhalgan-khabarlama-zhibergen-zhasospirim-ustaldy-66781536.html
Украинада Астанадағы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды
Украинада Астанадағы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды
Sputnik Қазақстан
Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T14:23+0500
2026-09-18T14:23+0500
2026-09-18T14:23+0500
жасөспірім
бомба
украина
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58936733_0:240:1280:960_1920x0_80_0_0_147fb4d282d62bbd134571b7a80b659a.jpg
АСТАНА 18 қыркүйек – Sputnik. Украинада Астанадағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.26 тамызда Сумы қаласында Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының өзара іс-қимылы нәтижесінде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама жіберді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.Қазіргі уақытта тәркіленген техникаларға талдау жүргізіліп жатыр. Ықтимал сыбайластар анықталып, ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.Украинаның құзырлы органдарымен одан әрі процестік шешімдер қабылдау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жалғасып жатыр.Ішкі істер министрлігі нысанды жару, терроризм жасау, кепілге адам алу және қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлер туралы жалған хабарламалар үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
https://sputnik.kz/20260217/almatyda-mekteptegi-zharylgysh-zat-turaly-khabarlagan-oqushylar-ustaldy-61219563.html
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/14/58936733_190:171:1243:960_1920x0_80_0_0_6228fd4dc9a65934149674be91c86bbb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасөспірім, бомба, украина
жасөспірім, бомба, украина
Украинада Астанадағы жарылғыш зат туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды
Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді
АСТАНА 18 қыркүйек – Sputnik. Украинада Астанадағы ғимараттардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама жіберген жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
26 тамызда Сумы қаласында Қазақстан ІІМ мен Украина киберполициясының өзара іс-қимылы нәтижесінде Астанадағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде жарылғыш зат жасырылғаны туралы көрінеу жалған хабарлама жіберді деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды.
"Тінту барысында ұялы телефондар, планшет, ноутбук, жүйелік блок және банк картасы тәркіленді. Электрондық құрылғылардан пайдаланылған аккаунт, жіберілген хабарламаның мәтіні және басқа да цифрлық дәлелдемелер анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Қазіргі уақытта тәркіленген техникаларға талдау жүргізіліп жатыр. Ықтимал сыбайластар анықталып, ұсталған адамның осыған ұқсас басқа да фактілерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Украинаның құзырлы органдарымен одан әрі процестік шешімдер қабылдау мәселесі бойынша өзара іс-қимыл жалғасып жатыр.
Ішкі істер министрлігі нысанды жару, терроризм жасау, кепілге адам алу және қауіпсіздікке төнетін өзге де қатерлер туралы жалған хабарламалар үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.