Тоқаев Конституциялық Сот, Жоғары аудиторлық палата және ОСК төрағаларын тағайындады

© PhotoҚазақстан президенті
Қазақстан президенті - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Үш лауазым иесі де өз орындарын сақтап қалды
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Президент Конституциялық Сот, Орталық сайлау комиссиясы және Жоғары аудиторлық палата төрағаларын тағайындады, деп хабарлады Ақорда.
Айта кетері, үш лауазым иесі де өз орындарын сақтап қалды.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тиісті жарлығымен Эльвира Азимова Конституциялық сот төрағасы лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар Нұрлан Әбдіров өз қызметін сақтап қалды. Ол Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды. Әбдіров 2022 жылдың қаңтарында осы қызметке тағайындалған.
Сондай-ақ Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палата төрағасы лауазымына қайтаа тағайындалды. Әлихан Смайылов бұл қызметті 2024 жылдың сәуірінен бері атқарып келеді. Оған дейін ол премьер-министр лауазымын атқарған.
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Тоқаев алты министрліктің басшыларын қызметтеріне қайта тағайындады
Жаңалықтар
0