Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Мерц Трамппен телефон арқылы сөйлесті

© AP Photo / Mark SchiefelbeinГермания канцлері Фридрих Мерц пен АҚШ президенті Дональд Трамп. Архивтегі фото
Германия канцлері Фридрих Мерц пен АҚШ президенті Дональд Трамп. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Тараптар Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған бұдан арғы қадамдарды талқылады
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Германия канцлері Фридрих Мерц пен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады. Бұл туралы Германия үкіметінің ресми өкілі Штефан Корнелиус мәлімдеді.
"Федералдық канцлер Мерц президент Трамппен телефон арқылы сөйлесті. Тараптар өткен аптада 25 жылдығы аталып өткен 2001 жылғы 11 қыркүйектегі АҚШ-та болған террорлық шабуылдарды еске алды. Федералдық канцлер мен президент Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған бұдан арғы қадамдарды талқылады", - деді Корнелиус.
Германия үкіметі өкілінің хабарлауынша, Мерц пен Трамп әңгіме барысында Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді көздейтін заң жобасының АҚШ-та мақұлдануын да тілге тиек еткен.
"Сонымен қатар Ормуз бұғазы мен Қызыл теңіздегі жағдай да талқыланды. Тараптар екі теңіз жолын да мүмкіндігінше тез арада ашу қажет деген пікірге келді", - деп толықтырды Корнелиус.
Бейсенбі күні АҚШ Өкілдер палатасы Ресейге қарсы "тозақ" санкциялары туралы заң жобасын мақұлдады. Қорытынды құжат Трамптың қол қоюына жіберіледі.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Кремль АҚШ-тың Ресейге қарсы жаңа санкциялар туралы заң жобасын бақылап отырғанын және бұл әрекеттерді достыққа жатпайтын қадам деп санайтынын мәлімдеді.
Жаңалықтар
0