https://sputnik.kz/20260918/kokshetauda-gul-biznesine-qatysty-alayaqtyqtan-44-mln-tengeden-astam-shygyn-kelgen-66786085.html
Көкшетауда гүл бизнесіне қатысты алаяқтықтан 44 млн теңгеден астам шығын келген
Көкшетауда гүл бизнесіне қатысты алаяқтықтан 44 млн теңгеден астам шығын келген
Sputnik Қазақстан
Әйел алған қаражатты белгілі бір пайызбен қайтаруға уәде берген 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T22:52+0500
2026-09-18T22:52+0500
2026-09-18T22:52+0500
көкшетау
алаяқтық
гүл
бизнес
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_0:107:2048:1259_1920x0_80_0_0_06bacb2f30478fb1f85a9220816da706.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Көкшетауда гүл бизнесіне қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр. Қазірдің өзінде 17 адам жәбірленуші ретінде танылған. Келтірілген шығын көлемі 44 миллион теңгеден асады, деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.Полиция мәліметінше, 2025 жылы 36 жастағы әйел тендерге қатысуға көмектесемін деген сылтаумен азаматтардан ақша жинаған. Ол бұл үшін таныстарына да, бейтаныс адамдарға да хабарласқан.Әйел алған қаражатты белгілі бір пайызбен қайтаруға уәде берген. Алайда кейін өз міндеттемелерін орындамаған. Мәселен, жәбірленушілердің бірі оған 4,7 миллион теңге берген. Бірақ уәде етілген ақша қайтарылмаған. Тергеу барысында мұндай тендердің болмағаны анықталды. Ал алынған қаражат жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.Полиция алаяқтықтан зардап шеккендердің саны әлі де артуы мүмкін екенін атап өтті.
https://sputnik.kz/20260814/mugalim-alayaqty-zhasady-degen-kudikke-ilindi-65711932.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1255/65/12556578_114:0:1935:1366_1920x0_80_0_0_2ab70ded8dcf3c12e67b946d2d0f527a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, алаяқтық, гүл, бизнес
көкшетау, алаяқтық, гүл, бизнес
Көкшетауда гүл бизнесіне қатысты алаяқтықтан 44 млн теңгеден астам шығын келген
Әйел алған қаражатты белгілі бір пайызбен қайтаруға уәде берген
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Көкшетауда гүл бизнесіне қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр. Қазірдің өзінде 17 адам жәбірленуші ретінде танылған. Келтірілген шығын көлемі 44 миллион теңгеден асады, деп хабарлады Ақмола облысының полиция департаменті.
Полиция мәліметінше, 2025 жылы 36 жастағы әйел тендерге қатысуға көмектесемін деген сылтаумен азаматтардан ақша жинаған. Ол бұл үшін таныстарына да, бейтаныс адамдарға да хабарласқан.
Әйел алған қаражатты белгілі бір пайызбен қайтаруға уәде берген. Алайда кейін өз міндеттемелерін орындамаған. Мәселен, жәбірленушілердің бірі оған 4,7 миллион теңге берген. Бірақ уәде етілген ақша қайтарылмаған. Тергеу барысында мұндай тендердің болмағаны анықталды. Ал алынған қаражат жеке қажеттіліктеріне жұмсалған.
"Қазіргі таңда іс бойынша 17 жәбірленуші анықталды. Жалпы келтірілген материалдық шығын 44 миллион теңгеден асып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Полиция алаяқтықтан зардап шеккендердің саны әлі де артуы мүмкін екенін атап өтті.