ЕЭК пен Индонезия сауда келісімін іске асыру мәселесін талқылады

© Photo : Пресс-служба Евразийской экономической комиссииВстреча представителей департамента торговой политики Евразийской экономической комиссии и министерства иностранных дел Индонезии
Встреча представителей департамента торговой политики Евразийской экономической комиссии и министерства иностранных дел Индонезии - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
Тараптар арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2025 жылдың 21 желтоқсанында Санкт-Петербургте қол қойылған
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. ЕАЭО мен Индонезия арасындағы еркін сауда туралы келісімнің күшіне енуі экономикалық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеріп, бизнеске жаңа мүмкіндіктер береді.
Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Сауда саясаты департаментінің бөлім басшысы Кира Дальничева Индонезия Сыртқы істер министрлігінің өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді.
"Келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды толық орындау келісімнің күшіне енуіне және ЕАЭО мен Индонезия арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамытуға айтарлықтай ықпал етеді. Біз бұл процеске белсенді қолдау көрсетуге ниеттіміз", – деп атап өтті ол.
Тараптар келісімді іске асыруға қатысты практикалық мәселелер бойынша жұмысты жалғастыруға уағдаласты.
Еуразиялық экономикалық одақ пен Индонезия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге 2025 жылдың 21 желтоқсанында Санкт-Петербургте қол қойылған. Қазір құжаттың күшіне енуі үшін қажетті ратификациялық рәсімдер жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтар
0