Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 қыркүйек

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 18 қыркүйек
Күнтізбе - 18 қыркүйек - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.09.2026
Жазылу
18 қыркүйек күні не болғанын білесіз бе?
Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

18 қыркүйекте әлемде қандай қызықты оқиғалар болды?

Бүгін Халықаралық суға мониторинг жүргізу күні. Мереке 2003 жылдан бері атап өтіліп келеді. Бұл мереке Американың таза су қорының бастамасымен экологиялық мереке ретінде белгіленді. Бүгінгі таңда ол ақпараттық, арнайы бағдарламаға айналып, қоғамның қоршаған ортаны таза ұстау, су ресурстары проблемаларына қатысты білімін көбейту үшін бағытталған.
18 қыркүйек күні Австралиядан бастап АҚШ-қа дейінгі көптеген мемлекет чизбургер күнін атап өтіп жатыр. Аңыз бойынша, 1920 жылдары Лионель Штернбергер есімді жас аспаз Пасадендегі (Калифорния штаты) дәмханалардың бірінде алғаш рет гамбургерді байқамай күйдіріп алады. Алайда ол қатты күйіп кеткен етті қоқысқа тастаудың орнына, оның бетін ірімшікпен жабады. Бұл гамбургер қонақтарға қатты ұнап қалады. Ірімшік пен ет қосылған гамбургер осылай пайда болып, ақырында чизбургер деген атқа ие болды.
Бұдан басқа бүгін Бүкіләлемдік тең еңбекақы күні. Бұл атаулы күнді Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) ерлер мен әйелдер арасындағы еңбекақы алшақтығын жою және бірдей еңбек үшін тең ақы төлеу принципін қолдау мақсатында бекіткен.
Сондай-ақ бүгін Халықаралық электронды кітап күні. Бұл атаулы күн алғаш рет 2014 жылы цифрлық әдебиетті таратумен айналысатын ірі "OverDrive" компаниясының бастамасымен бекітілген. Мерекенің басты мақсаты — электронды құрылғылар (смартфондар, планшеттер, ридерлер) арқылы кітап оқудың ыңғайлылығы мен тиімділігін насихаттау және цифрлық оқу мәдениетін қолдау.

18 қыркүйек күні әлемде болған тарихи оқиғалар

1698 жылы Бастилияға "Темір бетперде" есімді құпия тұтқын жіберілді;
1830 жылы Райлиз Таверн мен Балтимор арасында болған 9 мильдік жарыста ат бірінші Америка паравозын басып озды;
1851 жылы АҚШ-та "Нью-Йорк таймс" газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты;
1934 жылы КСРО ұлттар лигасының құрамына кірді;
1980 жылы Куба ғарышкерімен бірге "Союз-38" ғарыш кемесі ұшырылды.

18 қыркүйек күні Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1975 жылы Алматы облысында Қапшағай фарфор зауыты іске қосылды;
1992 жылы мемлекеттік "Қазақстан" телерадио компаниясы құрылды;
2000 жылы "Қазақстан петролеум" қауымдастығы мұнай және газ геологиясы туралы ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі терминологиялық сөздік шығарды;
2006 жылы Алматыда 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған "Тәуелсіздік таңы" ескерткішінің салтанатты ашылу рәсімі өтті;
2009 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев "Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне қол қойды;
2010 жылы мемлекет және қоғам қайраткері Мұхаммед Сужиковтың 100 жылдығына арнап "Халыққа сыйға берген жүрек" ("Сердце, отданное народу") атты кітап жарыққа шықты;
2015 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған тарихи құжаттар көрмесі ашылды;
2016 жылы экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Дина Нүрпейісоваға арналған "Дала әуендері" мүсінін Алматы қаласында орналасқан мультимедиалық дәстүрлі музыка орталығына тарту етті.

18 қыркүйекте әлемде дүниеге келген танымал тұлғалар

1819 жылы күн сәулесінің жылдамдығын өлшеген француз физик, гироскоп пен Фуко маятнигін жасаушы Жан Бернар Леон Фуко туды;
1905 жылы швед әрі Америка актрисасы Грет Гарбо дүниеге келді;
1971 жылы Ресейдің опера әншісі, халық әртісі Анна Нетребко туды;
1988 жылы экстрасенс, көріпкел Мэрилин Керро жарық дүние есігін ашты.

18 қыркүйек күні Қазақстанда кімдер дүниеге келді

1926 жылы жазушы Сейтқан Әбілқасымұлы дүниеге келді;
1952 жылы мемлекеттік және саяси қайраткер Сергей Дьяченко дүниеге келді;
1955 жылы ғалым, өнертанушы, этнограф, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Тынысбек Қоңыратбай дүниеге келді.
Жаңалықтар
0