https://sputnik.kz/20260918/astanada-otken-forumda-maskeudin-turistik-mumkindikteri-tanystyryldy-66795165.html
Астанада өткен форумда Мәскеудің туристік мүмкіндіктері таныстырылды
Астанада өткен форумда Мәскеудің туристік мүмкіндіктері таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ресейдің туризм саласының өкілдері бір алаңда бас қосты 18.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-18T18:51+0500
2026-09-18T18:51+0500
2026-09-18T18:51+0500
астана
форум
https://sputnik.kz/img/07ea/09/12/66783788_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_4afe37f845026619ac148b47dc1e8417.jpg
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейді ортақ тарих пен халықтар арасындағы байланыс біріктіреді. Бұл туралы Мәскеу қаласы Туризм комитеті төрағасының орынбасары Болат Нұрмұханов Астанада өткен "САЯХАТ 2026" Kazakhstan Travel Forum-ында айтты.Іс-шара барысында ол Мәскеудің туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресей астанасына 26,5 миллион қонақ келген."Біз әртүрлі елдерден, соның ішінде Қазақстаннан келетін туристер ағынын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Мәскеуге шамамен 200 мың адам келді. Алайда қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалғымыз келмейді. Өйткені Мәскеу – әлемдегі жетекші мегаполистердің бірі. Мұнда өмір қайнап жатыр, күн сайын жүздеген түрлі іс-шара өтеді", – деді Нұрмұханов.Мәскеу – Қазақстаннан баратын туристер арасында бұрыннан сұранысқа ие бағыттардың бірі. Бұл туралы "Astana Tourism" компаниясының басқарма төрағасы Артем Квашук мәлімдеді."Ресейден келетін туристердің үлесі Астанаға келетін барлық шетелдік туристердің шамамен 40 пайызын құрайды. Біз үшін Мәскеудің қалалық туризмді дамыту және оны ілгерілету тәжірибесі өте қызықты. Біз де қонақтарға іскерлік, медициналық, мәдени, оқиғалық және гастрономиялық туризм бағыттарын ұсынамыз. Бұған дейін Астананы негізінен іскерлік сапарлармен байланыстыратын. Қазір бұл бағытты өзгертіп жатырмыз. Бүгінде Астанаға демалып, түрлі іс-шараларға қатысу үшін де туристер келеді", – деді Квашук.Ресей Экономикалық даму министрлігінің өкілі Егор Шипицын Қазақстанда ресейлік туристердің банк карталарын пайдалану мәселесін көтерді."Қазақстанмен банк арқылы есеп айырысуға қатысты белгілі бір мәселелер бар екенін бәрі біледі. Алайда біздің күш-жігеріміздің арқасында Астана әуежайында ресейлік “Мир” картасы арқылы банкоматтан теңге шешіп алуға болады. Негізінде барлық мәселені шешуге болады. Қазақстан тарапы бізге барлық бағытта қолдау көрсетіп келеді. Біз мәселелерді ашық әрі оң бағытта шешуге тырысамыз", – деді Шипицын.Форум барысында екі меморандумға қол қойылды.Біріншісі – "Мәскеудің туризм және қонақжайлылықты дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі" автономды коммерциялық емес ұйымы мен "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.Екіншісі – "Мәскеудің туризм және қонақжайлылықты дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі" автономды коммерциялық емес ұйымы мен "Astana Tourism" туризмді дамыту орталығы" ЖШС арасындағы меморандум.Форумда Қазақстан Туризм министрлігінің өкілдері елде туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 2019-2025 жылдар аралығында ішкі туристер саны 6,6 миллионнан 11 миллион адамға дейін, ал туристік нысандарға келушілер саны 8,5 миллионнан 15,8 миллион адамға дейін өскен. Сонымен қатар туризм саласына тартылған инвестиция көлемі де айтарлықтай артқан.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/12/66783788_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_7965ff4b4ed6be73c216c75365e123f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, форум
Астанада өткен форумда Мәскеудің туристік мүмкіндіктері таныстырылды
Қазақстан мен Ресейдің туризм саласының өкілдері бір алаңда бас қосты
АСТАНА, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мен Ресейді ортақ тарих пен халықтар арасындағы байланыс біріктіреді. Бұл туралы Мәскеу қаласы Туризм комитеті төрағасының орынбасары Болат Нұрмұханов Астанада өткен "САЯХАТ 2026" Kazakhstan Travel Forum-ында айтты.
Іс-шара барысында ол Мәскеудің туристік мүмкіндіктерін таныстырды. Оның айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Ресей астанасына 26,5 миллион қонақ келген.
"Біз әртүрлі елдерден, соның ішінде Қазақстаннан келетін туристер ағынын қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан Мәскеуге шамамен 200 мың адам келді. Алайда қол жеткізген нәтижемен тоқтап қалғымыз келмейді. Өйткені Мәскеу – әлемдегі жетекші мегаполистердің бірі. Мұнда өмір қайнап жатыр, күн сайын жүздеген түрлі іс-шара өтеді", – деді Нұрмұханов.
Мәскеу – Қазақстаннан баратын туристер арасында бұрыннан сұранысқа ие бағыттардың бірі. Бұл туралы "Astana Tourism" компаниясының басқарма төрағасы Артем Квашук мәлімдеді.
"Ресейден келетін туристердің үлесі Астанаға келетін барлық шетелдік туристердің шамамен 40 пайызын құрайды. Біз үшін Мәскеудің қалалық туризмді дамыту және оны ілгерілету тәжірибесі өте қызықты. Біз де қонақтарға іскерлік, медициналық, мәдени, оқиғалық және гастрономиялық туризм бағыттарын ұсынамыз. Бұған дейін Астананы негізінен іскерлік сапарлармен байланыстыратын. Қазір бұл бағытты өзгертіп жатырмыз. Бүгінде Астанаға демалып, түрлі іс-шараларға қатысу үшін де туристер келеді", – деді Квашук.
Ресей Экономикалық даму министрлігінің өкілі Егор Шипицын Қазақстанда ресейлік туристердің банк карталарын пайдалану мәселесін көтерді.
"Қазақстанмен банк арқылы есеп айырысуға қатысты белгілі бір мәселелер бар екенін бәрі біледі. Алайда біздің күш-жігеріміздің арқасында Астана әуежайында ресейлік “Мир” картасы арқылы банкоматтан теңге шешіп алуға болады. Негізінде барлық мәселені шешуге болады. Қазақстан тарапы бізге барлық бағытта қолдау көрсетіп келеді. Біз мәселелерді ашық әрі оң бағытта шешуге тырысамыз", – деді Шипицын.
Форум барысында екі меморандумға қол қойылды.
Біріншісі – "Мәскеудің туризм және қонақжайлылықты дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі" автономды коммерциялық емес ұйымы мен "Туристік Қамқор" корпоративтік қоры арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум.
Екіншісі – "Мәскеудің туризм және қонақжайлылықты дамыту жөніндегі жобалық кеңсесі" автономды коммерциялық емес ұйымы мен "Astana Tourism" туризмді дамыту орталығы" ЖШС арасындағы меморандум.
Форумда Қазақстан Туризм министрлігінің өкілдері елде туризм саласының қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. 2019-2025 жылдар аралығында ішкі туристер саны 6,6 миллионнан 11 миллион адамға дейін, ал туристік нысандарға келушілер саны 8,5 миллионнан 15,8 миллион адамға дейін өскен. Сонымен қатар туризм саласына тартылған инвестиция көлемі де айтарлықтай артқан.